1. Жауап беріңіз. А) Елімізде қандай партиялар бар?
Ә) Партиялардың атқарып жатқан іс-шаралары туралы не айта аласыз?
Б) БАҚ арқылы қай партия туралы ақпарат мол беріледі?
В) Соңғы сайлауда Парламент Мәжілісіне қандай партиялар өтті?
Г) Сіз партияда мүшелікте барсыз ба?
2. Оқыңыз. 1998 ж. 21 қазанында ҚР-да «Қазақстан Президенттігіне кандидат
Н.Ә. Назарбаевқа қолдау көрсету қоғамдық штабы» қоғамдық қозғалысы
жұмысын бастады. Дәл осы кезеңде қоғамдық қозғалысты саяси партияға
айналдыру идеясы туралы пікірлер айтыла бастады. 1999 ж.
19 қаңтарда арнайы отырыс өтіп, онда Қоғамдық штабты «Отан»
республикалық саяси партиясы» ретінде қайта құру шешімі қабылданды. 1999 ж.
12 ақпанында партия ҚР заңнамаларына сай Әділет министрлігіне тіркелді. 1999 ж.
1 наурызында жаңа партияның І құрылтай съезі өтіп, онда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев
партияның төрағасы болып сайланды. Съезд делегаттары «Отан» республикалық саяси
партиясы, Қазақстанның Халықтық бірлік партиясы, Қазақстан демократиялық партиясы,
Қазақстан либералдық қозғалысы және «Қазақстан-2030 үшін» қозғалысының бірігуі
туралы тарихи маңызға ие Резолюцияны қабылдады.