VI БӨ ЛІМ 2002 ж. 9 қарашада Алматыда өткен «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен
тыс IV съезінде «Отан» РСП-ға Қазақстанның Халықтық-кооперативтік партиясы мен
Республикалық еңбек партиясының қосылуы туралы қаулы қабылданды. 2006 ж. 4 шілдеде
Астана қаласында «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс IX съезі өтіп,
«Отан» РСП-ға «Асар» партиясының қосылуы туралы шешім қабылданды. Осы жылдың
22 желтоқсанында өткен партияның кезектен тыс X съезінде «Отанның» Азаматтық және
Аграрлық партиялармен біріккені жарияланды. Х съезде басым дауыспен Қазақстанның
жетекші саяси күшінің атауын «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту
туралы шешім қабылданды.
2008 ж. 17 қаңтарында өткен кеңейтілген отырыста Партияның халықтық тұғырнамасын
жүзеге асыратын бағдарлама қабылданды.
2013 ж. 18 қазанда «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының атауы «Нұр
Отан» партиясы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің сайлауы
қарсаңында 2016 ж. 29 қаңтарда партияның кезектен тыс XVII съезі өтті. Онда «Нұр
Отан» партиясының «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы
бекітілді.
( http://nurotan.kz/party-history )