8. Оқыңыз. А) Қазақстанның «Ақжол» демократия лық
партиясы («Ақжол» ҚДП) – өзін «сындарлы
оппозиция», бизнес партиясы және ХХ ғасырдың
басындағы «Алаш» қозғалысының ізбасары
деп айқындаған Қазақстандағы саяси партия.
«Ақ жол» демократиялық партиясы әділет
органдарында 2002 ж. 3 сәуірде тіркелген.
Партия төрағасы – ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаты А.Т. Перуашев.
2016 ж. сайлау қорытындысы бойынша
партия Парламент Мәжілісіне 7 мандат алды.
«Ақ жол» Демократиялық партиясының
негізгі мақсаты – әрбір азаматтың еркін дамуына,
оның құқықтары және бостандықтарының
сақталуына, барлық қазақстандықтардың өмір
сүру деңгейі мен сапасының ұдайы көтерілуіне,
сондай-ақ Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің
экономикалық, әлеуметтік және саяси өрлеуіне
жету үшін қажетті жағдайлар жасау.
(http://akzhol.kz/kz/catalog/index/23/) Ә) «Ауыл» Қазақстан социал-
демократиялық партиясы («Ауыл»
ҚСДП) – қоғамдық-саяси ұйым.
Партия 2002 жылы 1 наурызда әділет
органдарында тіркелген, 2003 жылы
2 сәуірде қайта тіркеуден өткен.
Партия төрағасы – ҚР Парламенті
Сенатының депутаты Ә.Ә. Бектаев.
2016 ж. сайлау қорытындысы
бойынша
партия
Парламент
Мәжілісіне өтпей қалды.
Партияның мақсаты – аграрлық
секторды қолдау және мемлекеттік
реттеу;
ауыл
еңбеккерлерінің
мүддесін
қорғау;
экономикалық
саяси реформаларды жүзеге асыруға
белсенді атсалысу, азаматтардың
өмір сүру деңгейін жақсарту.
(http://auyl.kz/pages/istoriya_ksd)