VI БӨ ЛІМ 9. Қазақстанның ара ағайындық қызметі туралы пікір қосыңыз. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалы кезінде Қырғызстандағы саяси жағдайды реттеуге үлес қосты. Еліміздің ара ағайындығы арқасында көршілес елдегі азамат соғысы қаупінің алды алынып, саяси күштер арасында диалог орнады. 10. Қажетті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз. Астанада, уақыт, өкілдік, көп бағыттылық, халықаралық қатынастар, орнатты, көршілерімен, өмірдің 1 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен
халықаралық
қатынастар
саласында көптеген шаралар іске асырылды.
2 Қазақстан өзінің барлық .............................., негізгі әріптес
мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай
байсалды қарым-қатынастар орнатты.
3 Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол,
яғни ...................... .
4 Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты
......................... өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай.
5 Өткен .................. ішінде Қазақстан Республикасын дүниежүзінің
180-нен астам мемлекеті таныды.
6 Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар
............................. .
7 Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық
........................... ашылды.
8 Ал Алматы мен .......................... 50-ден астам шетелдік елшілік пен
миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған
өкілдігі жұмыс істейді.
(http://e-history.kz/kz/contents/view/171)