2. «Саяси сана саңлақтары» (Алматы, 2014 ж.) атты кітаптың аннотациясымен танысыңыз. Кітапқа ХІХ-ХХ ғасырларда дүниежүзіне белгілі болған
философтар мен саясаттанушылардың, мемлекет және қоғам
қайраткерлерінің кең танымал еңбектері топтастырылған.
Өткен замандардағы ғұлама оқымыстылардың тұңғиық рухани
әлеміне үңілуге, бүгінгі таңдағы адамзат дамуының күрделі
бағыт-бағдарларын пайымдауға, «Мәңгілік ел» идеологиясын
басшылыққа алған Қазақстан қоғамының рухани-мәдени өмірін
кемелдендіруге шама-шарқынша септігін тигізеді деген сеніммен
аталмыш еңбектер оқырман қауымға ұсынылып отыр.