143
VII
БӨ
ЛІМ
4. Оқыңыз
Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін
мұнайдан бөліп қарау мүмкін емес. 2000-
2009 жылдары әлемдегі ең ірі қайраңдағы
кен орны болып саналатын Қашаған
ашылды.
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде
орналасқан Қашаған 75 x 45 шақырым
аумақты алып жатыр. Кен орны ХІХ ғасырда
Маңғыстау өңірінде өмір сүрген ақынның
атымен аталды.
Бұл – соңғы 40 жылда табылған әлемдегі
ең ірі кен. Зерттеулерге сәйкес, кен орнының
мұнай қоры 9-13 миллиард баррель мұнайды
құрайды.
2013 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 80 миллион тоннаға жетті.
Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан мұнай мен газдың 8 миллиард тонна дәлелденген
қорына ие. Кен орындарын игеруді арттыру арқылы Қазақстан жылына 90-100 миллион тоннаға
дейін мұнай өндіру мүмкіндігіне ие. Нәтижесінде Қазақстан әлемдік мұнай өндірушілердің
алғашқы ондығына ене алады.
Достарыңызбен бөлісу: