Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск



Pdf көрінісі
бет208/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   341
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық С1

IX
 БӨ
ЛІМ
8. Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңыз.
9. Шетел мектептері туралы қызықты деректермен танысыңыз.
Үлгі: Балаңызды үздік мектепте оқытуға тырысыңыз.
Балаңызды 
тілдерді
баласымен
меңгергендер
келеді.
Шет 
қаражат
жалғыз
ететіні
бар.
Әрбір
үздік
талап
жиі
оқимын.
Біраз
ата-ана
мектепте
мақтанғысы
белгілі.
Қарапайым 
адамдармен
жетік 
оқытуға
болады.
Атақты 
кенттегі
кездесулер
мектепте
тырысыңыз.
Жапониядағы  оқу  жылы  триместрден  тұрады.  Алғашқы  триместр 
сәуір айынан басталып, 20 маусымда аяқталады да, балалар жазғы 
демалысқа шығады. 1 қыркүйек пен желтоқсан аралығында екінші 
триместр, ал қаңтар мен наурыз айларында үшінші триместр бола-
ды. Көктемгі бір апталық демалыстан кейін бір сыныптан екінші сы-
ныпқа өту үдерісі жүреді. Жапонияда мұғалім мамандығы бойынша 
ер адамдар көп жұмыс істейді. Әйел адамдар сирек ұстаз болады. 
Чехияда демалыс жаз бен қыс айларында болады. Жазғы демалыс 
2 айға созылады. Еліміздегідей Чехияда да 2, 3, 4, 5 сынды бағалар 
қояды. Алайда олар үшін «5» – ең нашар, ал «2» – ең жақсы баға 
болып  есептеледі.  Чехияда  бір  мұғалім  бірнеше пәнді  жүргізеді. 
Мысалы,  әдебиет  пәнінің  ұстазы  дене  шынықтыру  сабағын  да 
өткізеді. Ал келесі бірі чех тілі мен ән айтуды, химияны жүргізуі 
мүмкін. 
Финляндияда  оқушыны  өз  еркінен  тыс  тақтаға  шақыруға  
болмайды.  Оқушылардың  кемшілігін  өзге  сыныптастарының  
көзінше айтуға тыйым салынады. Фин мектептерінде сыныпта бір 
сабақты екі ұстаз өткізеді. Олар – ұстаз бен оның көмекшісі. Әр сабақ 
аяқталған сайын жыл мезгілі мен ауа райына қарамастан оқушылар 
далаға шығып отыруы тиіс. 
Куба  мектептерінде  жоғары  сынып  оқушылары  белгілі  бір  ма-
мандықты  игере  бастайды.  Қала  мектептерінің  оқушылары  5-7 
аптаға ауылға барып жұмыс істейді. 
Норвегия  мектептерінің  оқушылары  жасына  қарай  бірнеше  топқа 
бөлінеді: бастауыш сыныптар, 14 жасар жасөспірімдер, 18 жастағы-
лар. Осы жастарына сәйкес бөлек ғимаратта оқиды. Норвегия оқушы-
ларына 8 сыныпқа дейін баға қоймайды. 
 
(https://massaget.kz)


191


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет