X БӨ ЛІМ 10. Ғылым салалары кластерін толтырып, зерттеу нысандары туралы айтыңыз. 1. Мәтінді оқыңыз. Геодезия – Жердің пішіні мен мөлшерін зерт- тейтін Жер туралы ғылымның бір саласы. Үлгі:
геодезия ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫ ОҚЫЛЫМ Қазақ топырағында XX ғасырдың басында тәлімдік ой-пікірлерімен ұлттық колоритке
толы психологиялық көзқарастарымен барша жұртты тәнті еткен, қазақ жантану ілімінің
көшбасшысы ретінде танылған Ж. Аймауытовпен қатар оқу-
тәрбие ісіне тікелей қатысты педагогикалық психологияға
ерекше ден қойған М. Жұмабаевтың қосқан үлесін ерекше
атап өтуге болады. Ж. Аймауытовтың психология саласындағы
еңбектерінің («Тәрбиеге жетекші», «Жан жүйесі және өнер
таңдау» т.б.) басты бір ерекшелігі – бұлар төл тіліміздегі
тұңғыш психологиялық туындылар болуымен қатар, бұрынғы
Кеңес елін мекендеген түркітілдес халықтарда алғаш жарық
көрген ғылыми басылымдар екендігінде. М. Жұмабаев сынды
жыр дүлдүлінің тәлім-тәрбие ғылымының («Педагогика» т.б.)
теориялық мәселелеріне бой ұруы таңғаларлық жайт, өйткені
бұл салада ғылыми еңбек жазған әлемдік ақын-жазушылар
некен-саяқ.