X БӨ ЛІМ 2. Мәтіндегі 3 абзацты 3 топқа бөлініп оқып, ондағы негізгі мәселені анықтаңыздар. 3. Мәтін бойынша Қазақстан психология ғылымының даму кезеңдерін, сол кезеңнің сипатын, өкілдерін жазыңыз. 4. Мәтіннен автордың өзіндік бағалауын білдіретін сөйлемдерді тауып оқыңыз. 5. Мәтіннен мағынасы жағынан жуық сөздер мен тіркестерді тауып айтыңыз. Кеңестік кезеңде Қазақстанда психология саласында
артына мол мұра қалдырған академик Т. Тәжібаев екені белгілі.
Қазақстандағы ғылыми психологияның дамуына ерекше үлес
қосқан ғалым – М. Мұқанов. Оның 1979-80 жылдары жарық
көрген «Дәстүрлі мәдениет өкілдеріндегі когнитивті эмпатия
мен рефлексияның зерттелуі» атты ғылыми мақаласы мен
«Ақыл-ой өрісі» кітабы – Қазақстан психологиясына қосылған
құнды мұра. Ғалым тоталитарлық жүйенің қылышынан қан
тамып тұрған кезінде-ақ ешкімнен тайсалмай, жасқанбай
қазақтардың ұлттық психологиясын зерттеді. Өзінің 20 жылға
созылған этнопсихологиялық зерттеулерінде қазақ халқының
сонау ерте замандардың өзінде-ақ ой-өрісі өте жоғары болғанын
эксперимент арқылы дәлелдеп берді.
XX ғасырдың соңғы жылдарында және тәуелсіздік
жарияланғаннан кейін ұлттық психология ғылымы ерекше
серпіліске ие болды. Қазақстанда психология ғылымының әртүрлі
салаларында зерттеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, қазақ психологиясының өзіндік
даму тенденциясы қалыптаса бастады. Бұл үрдістің сипатын профессорлар С. Жақыпов,
Ж. Намазбаева, X. Шерьязданова, Б. Хамзин, С. Бердібаева т.б. ғалым-дардың өздерінің
және олардың жетекшілігімен қорғалған жүздеген кандидаттық зерттеулерінен көруге
болады. Олардың қаламынан төл тілімізде оқу құралдары, оқулықтар, библиографиялық
көрсеткіштер, сөздіктер, әдістемелік басылымдар және монографиялар жарық көрді. Кеңес
өкіметі аясында психология ғылымының дамып, өркендей түсуіне біраз тұсау салынып,
кедергі болғаны рас. Мәселен, 1947 жылы ҚазМУ-да ашылған логика және психология
бөлімі 1953 жылы жабылды. Содан 35 жылдан кейін ғана (1988 жылы) жұртшылықтың
үлкен дабылынан кейін орыс тілді 25 шәкіртке психологиядан білім алуға мүмкіндік туды.
Ал оның қазақ бөлімі төрт жылдан кейін ғана барып ашылды.
(«Егемен Қазақстан» газеті)