5. Бос орындарға «-ысы+мен / -ісі+мен» қосымшаларының тиістісін қойыңыз. Ғарышкерлер сапардан орал...................................., журналистер брифинг ұйымдастырды.
Жанар үйге кел........................................, апасы жанына отырғызып қойып, сұрақтың астына алды.
АРТЫҚ БОЛМАС БІЛГЕНІҢ Дүниежүзі халықтарының
Димаш Құдайбергенов жайлы пікірлері
3
«Робин Уильямсон (АҚШ): Мен мына жігіттің кім екенін
де, мұның қандай шоу екенін де білмеймін. Білетінім – ән-
шінің диапазоны сұмдық! Және осы сұмдық диапазонды ол
қалай әуелетеді десеңші! Феномен!»
3
«Кармен Фернандес Ансуатеги (Испания): Дауыс…
жүректерді жақындататын ең күшті құрал. Мынадай
кең диапазон қалай жақындатпасын…»
3
«Изабель Шоффетон (Франция): Мен бұл видеоны төрт
рет көріп шықтым. Сірә, Даниэль Балавуан жұмақта өз
әнін мынадай баланың шырқағанына разы боп жатқан
шығар. Мына әнші, сөз жоқ, гений. Нағыз гений! Рас, кей
сөздерді дұрыс айтпады, бірақ, онда тұрған не бар,
бастысы – эмоция шынайы және күшті!»
3
«Кристин Орбст (Германия): Мәссаған, мына жігіттің көмейінде тенор мен сопраноның
арасындағы, ерге тән дауыс пен әйелге тән үн арасындағы бүкіл дыбыстар гаммасы
түгел жүр ғой! Тұла бойым тітіркеніп кетті».
3
«Марсия Никайдо (Бразилия): Бұл сайыс емес шығар деп үміттенемін. Егер сайыс болса,
онда басқа қатысушыларға жасалған әділетсіздік бұл. Мұнымен жарысуға кімнің шама-
сы келеді? Құдды бір әншінің ішінде үш әнші тұрған сияқты. Ғажап!»
3
«Эса Сейтту (Швеция): Менің бұл әнді тыңдап отырғаныма бірнеше сағат болды, тіпті,
тоқтай алар емеспін. Әннің не туралы екенін де білмеймін. Мынау – адамның емес,
періштенің дауысы. Музыка арқылы соғысты тоқтатуға бола ма? Иә, мына жігіт тоқтата