3. Мағыналас сөздерді сәйкестендіріңіз. 1 – ____
ел
А
бостандық
2 – _____
өмір
Ә
бірлік
3 – _____
тәуелсіздік
Б
жүзжылдық
4 – _____
ынтымақ
В
халық
5 – _____
деңгей
Г
дәреже
6 – _____
ғасыр
Ғ
ғұмыр
4. Оқыңыз. Тыныштық пен тұрақтылық – мемлекет үшін басты құндылық
Қ азір барлық адамзат баласының тілегені –
бейбітшілік пен тыныштық, ауызбіршілік пен
ынтымақтастық. Себебі мемлекетіміздің болашағы,
онда өмір сүріп жатқан әрбір ұрпақтың келешегі
осындай ұлы ұғымдарға тікелей байланысты.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар». Ауызбіршілігі жоқ
елде еш уақытта береке мен ынтымақ орнамайды,
нәтижелі көрсеткіш те, көрініс те болмайды. «Бақыт,
қайда барасың?», – дейтін аңыз бар ғой. Сонда Бақыт:
«Ынтымақты үйге барамын, бейбіт елге барамын»
деген екен. «Ынтымағы жарасқан бейбіт елдің –
болашағы жарқын», – деген Елбасы сөзі еліміздегі тұрақтылық пен бейбіт өмірдің айқын
дәлелі екені сөзсіз.
Біз тәуелсіздігіміздің ширек ғасырдан артық уақытында жеткен жетістігімізді ғасырлар
бойы жалғастыруға мүмкіншілігі бар елміз. Бүгінде экономика қарыштап дамып, әлеуметтік
мәселелер шешімін тауып, халықтың өмір сүру деңгейі өсіп жатыр. Енді бізге не керек? Бізге
керегі – ел болып осы игілікті істерді әрмен қарай жалғастыруымыз қажет.
Мемлекетімізде әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатында көптеген іс-шаралар
атқарылуда. Міне, осының барлығы – елдегі ауызбіршіліктің нәтижесі, экономикамыздың
өскендігінің белгісі.
Мәселен, тәжірибе жүзінде біз көрші мемлекеттердің жағдайын көріп отырмыз. Ішкі және
сыртқы бүлік пен іріткіден, дін саласындағы тәртіпсіздіктер мен алауыздықтан бейбіт
халқы қырғынға ұшырап, қалғаны азып-тозып, босып, дүниежүзінің әрбір түкпірінде
жүрген қаншама елдер бар.
Сондықтан қазақ қоғамындағы барлық азаматтар елдегі тыныштық пен тұрақтылықтың
басты құндылық екенін түсінуі қажет.