ережелерімен танысыңыз. 1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі
құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен
некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін
жоғарылатуға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі
жауапкершілігін арттыру;
2) отбасыларды, еңбекке қабілетсіз ата-аналарына
кәмелетке толған балаларының күтім жасауын дәріптеу және кеңінен насихаттау.
2. Конкурсқа отбасылар қатысады. Конкурс ашық нысанда Қазақстан Республикасының
бүкіл аумағында өткізіледі.
3. Конкурстың жеңімпазы – отбасы жалпыға ортақ интерактивті дауыс беру негізінде
айқындалады.
4. Конкурсқа қатысуға:
1) балалары Қазақстан даңқын арттырған;
2) отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтаудың немесе өзіндік, бірегей өмір
құрылысының үлгісі болып табылатын;
3) асыранды балаларды тәрбиелеуші отбасылар жіберіледі.
5. Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымның құрамына
мүшелерінің бірі кіретін отбасылар Конкурсқа қатыса алмайды.