Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск



Pdf көрінісі
бет83/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   341
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық С1

5. Есте сақтаңыз.
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы 
қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» 
мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты –  
цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту 
арқылы мемлекет экономикасының  
бәсекелестігін және халық  
өмірінің сапасын арттыру


88
IV
 БӨ
ЛІМ
ОҚЫЛЫМ 
1. Екі бағанда ұсынылған сөздерден сөз тіркесін құраңыз.
А
Ә

ақпараттық
А
жеңілдету

тұрмысты
Ә 
ету

ұлттық
Б  
тудыру

қауіптен
В 
қоғам

сын-
Г 
қою

адамзаттың
Ғ  
болашағы

тосқауыл
Д 
мүдде

наразылық
Е  
сақтану
9
әсер
Ж
қатер
2. Төмендегі сұрақтар төңірегінде пікір алмасыңыз.
1. Интернет мүмкіндіктерін жиі қолданасыз ба?
2. Интернеттің экономикалық тұрғыдан қандай пайдасы бар деп ойлайсыз?
3. Интернеттің кері әсеріне нелерді жатқызар едіңіз?
4. «Цифрлық эволюция» дегенді қалай түсінесіз?
3. Мәтінді оқыңыз. 
 
Ц
ифрлық  ақпараттық  қоғам  адамның  тұрмысын  көп  жеңілдететіні  рас.    Алайда  ол 
сонымен  қатар  оның  дағдылары  мен  мәдениетін,  таным-түйсігін  де  көп  өзгертіп 
жіберді.  Әсіресе,  әлемдегі  көптеген  жастардың  бойында  ешқандай  саяси  партияларға 
қосылмайтын,  капитализм  немесе  социализмге  қызықпайтын,  ешбір  идеологияны 
ұнатпайтын көңіл-күй үдеп барады. Ұлт алдындағы борышын түсінбейтін, мәдениеті мен 
рухани сұранысы жұтаң, тек экономикалық табыс қызықтыратын ұрпақтың қолына саяси 
билік тисе, елдің тәуелсіздігі мен мемлекет тағдыры қандай болатыны да ойландыратын 
мәселе.
Интернет  кеңістігіндегі  қағидалар  мен  құбылыстар  қазақ  жастарына  да  әсер  етпей 
қоймайды.  Бүгінгі  15-20-дағы  жастарымыз  өздерін  ертеңгі  цифрлық  дәуірдің  байырғы 
тұрғыны санатына қосып, жауапсыздық пен толық еркіндікке бой алдырып ала ма деген 
үрей басым болып барады. Елдегі сауаттылық көрсеткіші 99,8 пайыз, еліміздің 127 жоғары 
оқу  орнында  463  мың  студент  оқиды,  10  мыңдай  қазақстандық  дүниежүзінің  беделді 
университеттерінде білім алып, елге қызмет етуде. Республика тұрғындарының 73 пайызы 
интернетті күнделікті қолданады, олар кемінде 2 құралмен ғаламдық желіге орташа алғанда 
секундына 19,3 мегабит жылдамдықпен қосылған. 
Қазіргі  цифрлық  технологияларға  сүйенген  дәуірде  жеке  адамға,  мәдениетке,  тіл 
мен  ұлттық  өнерге  төнген  қауіптің  жойқындығын  әлемдік  ойдың  шыңына  көтерілген 
тұлғалар  жарыса  айтуда.  Өмірі  мен  қызметі  цифрлық  ортаға  тәуелді  қауымды  интернет 
арқылы  жаппай  аңду  технологиялары  адамзаттың  болашағына  алаңдаған  мамандардың 
наразылығын тудыруда. 
Сондықтан да қабылданған әрбір цифрлық бағдарламада адам, қоғам және мемлекет үшін 
туындайтын сын-қатерлер мен қауіптерді түгендеп, олардан келетін зиянға тосқауыл қою 
тетіктерін қатарлас жүзеге асырған дұрыс.


89


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет