1950 жылдардан бастап бөлек ғылым саласы болып бөлінді



бет1/3
Дата15.04.2023
өлшемі64 Kb.
#83156
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
9лек


№ 9. лекция
Тақырыбы: Табиғи қорлар
Мақсаты: Табиғи қорларды қорғау және тиімді пайдалану проблемасы, табиғат рессурстары және олардың жіктелуі мен қалдықсыз технологияларды дамыту туралы білімді меңгеру.

Жоспар:


  1. Табиғи қорларды қорғау және тиімді пайдалану.

  2. Табиғат рессурстары және олардың жіктелуі.

  3. Адамзатты табиғи қорлармен қамтамасыз ету проблемасы.

  4. Қалдықсыз технологияларды дамыту

Табиғат адамзат баласының тіршілік тынысы және таусылмас қазынасы.
*Табиғат дегеніміз-мезгіл мен кеңістікке шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде, дамуда, болатын биоорганикалық және органикалық дүние. Бұл адамзат қоғамның өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық, информациалық және әр түрлі табиғи құбылыстардың жинақтығы. Адам шаруашылық қарекетінде табиғат пен байланысты, оған тікелей немесе аралық әсерін тигізеді.
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікті және сонымен қатар тұтас күрделі мәселе. Халықтың өмірлік қарекетіне, әсіресе денсаулығы мен өсіп өнуіне тікелей немесе әлеуметтік-экономикалық жағдай арқылы жанама түрде табиғи ортаның құрауыштары мен олардың жинақтығы-атмосфералық ауа, табиғи сулар, топырақ жамылғысы, геологиялық құрылым, өсімдіктер мен жануарлар, сонымен қоса төтенше құбылыстар мен барлық биосферада жүретін процестер ықпал жасайды. Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Адам күрделі “Табиғат-қоғам” жүйесінің бір бөлігіне жатады. Қоғамның материалдық, мәдени тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи рессурстар деп аталады. Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, ауа райы,өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы т.б. жатады.
Табиғатты қорғау дегеніміз табиғат рессурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, сол сияқты бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады. Табиғатты қорғаудың негізгі мақсаты оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз-қалпында жеткізу. Ол үшін біз табиғат қорларын жете білуміз қажет.
*Табиғат рессурстары және олардың жіктелуі
Табиғи рессурстар әр түрлі жолмен жіктеледі. Қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды), пайда болуына (табиғи, антропогенді) химиялық табиғатына (органикалық, минералдық), көздері мен орналасуына (жер, су, кен, өсімдіктер, орман), қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, шикізат, тамақ) байланысты. Рессурстар сонымен қатар (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әр түрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді.
Ең жиі әрі негізді қолданылатын жіктелу таусылуына байланысты табиғи рессурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді.
Сарқылмайтынға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық рессурстар соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар-жылжымалы ауаның энергиясы, су толқыны, ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы, космостық шаң климаттық рессурстар-атмосфералық ауа, жауын-шашын, жел, сонымен қатар жер қойнауындағы жылу.
Сарқылмайтын рессурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын азаймайды, ал табиғи ортадан алынған сайын қоры сарқылатын, табиғи процестердің нәтижиесінде орны толмайтын рессурстар сарқылатындарға жатады.
Сарқылатын табиғи рессурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар-металл, рудалары бейметалды қосылыстар т.б.. Қалпына келетіндерге тірі организмдер жатады. Салыстырмалы қалпына келетіндерге (топырақ, жертезек, ағаш)
Табиғатты тиімді падалану ережесінің бұзылуы салдарынан орны толматын рессурстар қатарына соңғы уақытта тұшшы су, отегі және т.б. қосылды.
* Адам баласы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тас материалдары мен табиғи суларды алғаш рет пайдаланған кезден бастап, литосферамен, жер ресчсурстарымен тығыз байланысты. Алдымен оның геологиялық қызметі жер бетінің өзімен ғана шектелген болатын, кейіннен адам металды, мұнайды, көмірді,артезан суларын өндіре бастады. Қазіргі уақытта жер бетіне көптеген миллиондаған тонна пайдалы қазбалар жеткізіледі, тұщы және минералданған сулар тартып шығарылды, қошаған ортаның жағдайыннашарлататын, оны техногенді өнімдермен ластайтын, тау-кен жұмыстарының, өнеркәсіптің басқа салаларының көптеген қалдықтары жинақталуда.
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын көму және қоймаландыру проблемасы өте маңызды болып табылады. Бұл бос жыныстар, қалдық қоймасының, күл, шлак қоймасының, қоқыстар үйіндісінің және т.б. террикондары. Қазақстан Республикасында 21 млрд. Тоннадан артық өндіріс және тұтыну қалдықтары жинақталған, оның ішінде – 5,2 млрд. Тонна улы қалдықтар, олардың4 млрд. Тоннаға жуығы тау-кен өндірісінің үйінділері, 1,1 млрд. Тоннасы – байыту қалдықтары және 105 млн.тонна –металургиялыққайта жасау қалдықтары. Жыл сайын 1млрд. Тоннаға жуық өнеркәсіптік қалдықтар құралады, олардың ішінде 100 мслн. Тоннадан артық емес мөлшері және 14 млн.м3 тұрмыстық қалдықтар пайдаланады. - Адамзатты табиғи қорлармен қамтамасыз ету проблемасы және табиғи русурстардың сарқылу мәселелері жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді. Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты.
Б. Скиннердің (1989) мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек.Бірақ, мысалы, алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса, ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріп келеді, бірақ, оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.
Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аударады. Себебі, олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады. Сонымен қатар, оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар және т.б. туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасаған болжамдарының біреуіне сүйенсек, жанғыш отындарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30—40 жылға, газ — 40—50 жылға, көмір — 70—80 жылға жетеді.
Қазақстанда барлық өнеркәсіп салаларынаң жедел дамуына қажетті минералдық шикізат ресурстары жеткілікті,бірақ оларды ұтымды пайдалана отырып,қоршаған ортаның ластануын үнемі қатерде ұстау өте өзекті проблема.
Қазіргі уақытта жер бетіне көптеген миллиондаған тонна пайдалы қазбалар жеткізіледі, тұщы және минералданған сулар тартылып шығарылды, қоршаған ортаның жағдайын нашарлататын, оны техногенді өнімдермен ластайтын, тау-кен жұмыстарының, өнеркәсіптің басқа салаларының көптеген қалдықтары жинақталуда. Қалдықтар - адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып жатыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Осыған байланысты қалдықтар үш топқа — өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, тұрмыстық болып бөлінеді. Қалдықтардың мөлшерін азайту үшін әртүрлі халық шаруашылығы салаларының арасында байланыс ұйымдастырып, шикізатты кешенді түрде пайдалану мәселелерін шешу қажет. Қалдықсыз технология ларды дамыту мәселесі бірінші кезектегі мәселеге айналып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет