298
Сөздің
буындық
құрамының
шығу
бөлігінде
патологиялық
енжарлығын жеңу, тіл сезімін қалпына келтіру, сөзді таңдау енжарлығын,
аграмматизмдерін жою, ауызша және жазбаша сөйлеуінің құрылымын
қалпына келтіру, алексия мен аграфияны жою – эфферентті моторлы
афазияда түзету-педагогикалық жұмыстың негізгі міндеттері болып
табылады. «Алдыңғы» эфферентті моторлы және динамикалық афазияда
жұмыс сақтаулы парадигматикалық жүйеге және логопедтің сырттан енгізген
сөйлеудің бағдарламасы мен үлгісіне сүйене отырып жүргізіледі. Жұмыс
сөздің буындық құрамын бағдарламалау мен жоспарлаудан басталып, фраза
және мәтінді жоспарлауын қалпына келтірумен аяқталады.
Дәл осындай, сырттан енгізген сөздің буындық құрамын және фразаларды
бағдарламалайтын құралдар (үлгілер, жоспарлар, бағдарламалар) эфферентті
афазиясы бар науқастардың бір буыннан немесе сөзден екіншісіне ауысу
қиындығын жеңуге, сөйлеу тілінің кинетикалық әуенін қалпына келтіруге,
персеверацияларын, эхолалиясын жеңуге мүмкіндік береді.
Эфферентті моторлы афазияда сөйлеу тілінің дыбыс айтуының
бұзылуын түзету жұмысы сөздің ырғақты-буындық үлгісін, оның
кинетикалық әуенін қалпына келтіруден басталады.
Оқуы мен жазуы күрделі бұзылған жағдайда түзету жұмысы дыбысты
буынға қосудан басталады. Науқас буынды қайталай отырып, оны кеспе
әліппедегі әріптерден құрастырады. Содан кейін сөздің буындық құрамын
ырғақпен қол шапалақтай отырып, сонымен қатар сөздің үлгісіне сүйене
отырып, менгерген буындардан жеңіл сөздер құрастырады: ба-ла, қа-ла, жа-
ға, жа-лау-ша, қа-ра-ша, т.с.с. Сөздің белгілі ырғақты құрылымы бар
сөздерді машықтандыру бойынша жұмыс қолданылады: бір бағанаға
жазылған бір буынды сөздерді оқыту. Бірте-бірте сөздің буындық құрамы
күрделендіріледі. Науқас логопедпен бірге, кейін буынға бөлінген ұйқас
сөздерді өз бетімен оқиды. Сөздің дыбыстық және буындық құрамын
қалпына келтірумен бірге баяндау сөзін қалпына келтіру жұмысы басталады.
Науқастың баяндау сөзінің бұзылуын қалпына келтіру тілдік сезімі деп
аталатын сезімін, өлең, мақал-мәтелдердің ұйқастығын сезуін қалпына
келтіруден басталады.
Экспрессивті сөйлеу тілін қалпына келтіруде сөйлеу кезінде керекті
сөздерді табудың патологиялық енжарлығын жоюға аса назар аударылынады.
Логопед заттық суреттерді дәйектей отырып, науқасқа бұл зат не үшін керек,
онымен не істеуге болады, оны жеу үшін (жуу, пісіру, т.с.с.) не істеу керек,
қасиеттері қандай, т.с.с. сұрақтар қояды.
Эфферентті моторлы афазия кезінде етістіктерді таңдай білуінде енжарлығын
жою үшін тек фразеологиялық контекстті қолданып қоймай, сонымен қатар
логопедтің затпен пантомима арқылы әр түрлі қимылдарын пайдаланған
жөн. Кейін науқасқа әр түрлі сөздермен ұқсас фразаларды толықтыр деген
тапсырма беріледі. Мысалы: мен ... (киноға, дәрігерге, мектепке, қонаққа,
т.с.с.) барамын. Логопед алдын ала бірнеше суретке қатысты фразаларды
299
атап айтады, содан кейін сөйлемнің үлгісіне (схемасына) сүйене отырып
сұрақтар арқылы оларды айтуына ынталандырады.
Етістікті сөздік қорын молайту жұмысының маңызды бөлігі - зат есімге
бірнеше етістік, немесе керісінше етістікке бір неше зат есімді іріктеу.
Логопед құрастырған жоспар бойынша науқастың алғашқы рет баяндап
беретін ауызша мәтіні күн тәртібіне қатысты болады: «Мен тұрдым,
Достарыңызбен бөлісу: