I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет153/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   256
Байланысты:
Logopedia

жуындым,  тісімді  тазаладым  ...»  және  т.с.с.  Науқас  қалпына  келтірілген 

сөздік  қорын  медицина  кызметшілері,  туысқандарымен  қатынасқа  түсу 

арқылы  қолдануға  үйренеді.  Кейін  дәрігерге,  дәріханаға,  дүкендерге,  т.с.с. 

барғанда пайдаланылатын сөздерде сөздік қорында бекітіледі.  

Эфферентті моторлы афазияда оқу мен жазуы толық жойылған күйде болуы 

мүмкін.  Осыған  байланысты  науқас  үшін  маңызды  әр  әріпке  сәйкес  келетін 

суреттер  немесе  сөздер  іріктеліп  алынған  жеке  әліппе  құрастырылады. 

Мысалы, а — асық, ә — әже,  б — банан, е — Ербол, қ — қыс, т.с.с. Кейін 

әдетте қолданатын кеспе әліппенің буындарынан сөз құрастырып үйретеді.    

Бірқалыпты жазуын қалыптастыру үшін науқасқа сол қолымен бірнеше 

рет  алғашқыда  жеке  әріптерді,  кейін  сөз  бен  фразаларды  жазуын  үйретеді. 

Сөздерді  жазуында  әріп  элементтерінің  персеверациясын  алдын  алу  үшін 

дайындық  жаттығуларын  жүргізген  жөн.    Сөздің  дыбыстық-буындық 

құрамын  жартылай  қалыптастыру  кезеңінде  кеспе  әліппеден  сөздерді  және 

жеңіл  фразаларды  есту  диктант  жазуға  көшеді.  Бұл  сәтте  науқас  сөздің  әр 

дыбысын  айтып  отыруы  керек.  Кейбір  жағдайда  қиын  сөздерді  алдын  ала 

кеспе әліппеден құрастыру жөн.  

Оқуын  қалпына  келтіру  сөздің  дыбыстық-буындық  талдауын  қалпына 

келтірумен  қатар,  бірақ  біршама  озық    жүруі  тиіс.  Алғашқыда  науқас 

буындық құрамы әр түрлі сөздерді, кейін жеңіл мәтіндерді буындап оқиды. 

Сөздің  дыбыстық-буындық  талдауын  қалпына  келтірудің  кейінгі 

кезеңдерінде жеңіл сөзжұмбақтар шешеді, көп буынды сөздердің әріптерінен 

қысқа  сөздер  құрастырылады,  күрделігі  әр  түрлі  хаттар,  шығармалар 

жазылады, күнделіктер толтырылынады, т.с.с.   

Сөйлеуді  түсінуінің  ақауларын  жою  әр  түрлі  тапсырмаларды  орындау 

арқылы іске асады: зейінін дамытуға, бір заттан екінші затқа назарын аудару, 

«провокациялық»  тапсырмалар  беру  (логопед  науқастың  алдында  жатқан 

заттардың  арасында  жоқ  затты  көрсетуін  талап  етеді),  фразаны  сюжетті 

суретпен сәйкестендіру. 

 

Есту зейіні қалпына келген сайын тапсырма бойынша суретті көрсетуін 



ынталандыру  жұмысы  жүргізіледі.  Науқасқа  «қасықтың  суреті  қайсы»  деп 

сұрамайды,  «қасықты  көрсет»  немесе  «немен  тамақты  жейміз,  сол  затты 

көрсет»,  «қасықты  кесенің  үстіне  қой»,  т.с.с.  тапсырмалар  беріледі.  Бұл 

тапсырмаларды  орындау  барысында  логикалық екпін  бірде  зат  есімге,  бірде 

көмекші  сөзге  түсу  керек.  Логопед  дауыс  ырғағы  немесе  логикалық  екпін 

арқылы  тапсырманың  басқа  түріне  ауысқанын  білдіреді:  кесені  қой,  кесені 



төңкеріп қой, т.с.с. 

 

Динамикалық  афазия 




 

300 


 

Динамикалық  афазия  Брока  орталығының  алдыңғы  жағында 

орналасқан  ми  орталықтарының  және  қосымша  сөйлеу  «Пенфилд 

аймағының»  зақымынан  пайда  болады.  Динамикалық  афазия  сөйлем 

деңгейіндегі  тілдің  бұзылуымен,  сукцессивті  сөйлеудің  (бөлшектеніп 

орындалатын  талдау  мен  жинақта)  бұзылуымен  сипатталады.  Бұл  жағдайда 

сукцессивті сөйлеу – сөйлем мағынасын білдіретін бір сөзбен жеткізілген ой.  

Сукцессивті  сөйлеудің  қалыптасуы  іштей  сөйледің  деңгейінде  іске  асады. 

Бұл  жағдайда  алдымен  сөйлеудің  семантикалық,  синтаксистік  және 

грамматикалық  схемасы  құрастырылады,  кейін  сөйлемнің  қажетті 

динамикалық  мағынасы,  сөздің  керек  мәні  таңдалады.  Іштей  сөйлеу 

деңгейінде  сөйлеудің  психологиялық  бағдарламалауы,  кейін  психологиялық 

бағдарламалаудың  (сөйлеудің  мазмұнының,  өзіндік  синтаксисінің,  жалпы 

маңыздар  мен  мәнінің)  сыртай  сөйлеудің  құрылымдық  формаларына  қайта 

құрылуы  іске  асады.  Бұның  бәрі  жалпы  және  вербальді  белсендікті  қажет 

етеді.  Динамикалық  афазияда  дәл  белсенді  психологиялық  бағдарламалау, 

бәрінен  бұрын  сөйлемнің  динамикалық  схемасын  белсенді  түрде  құру 

процестері бұзылады.  

Сонымен, динамикалық афазияда сөйлеу тілінің орталық бұзылуының 

 негізінде  іштей  сөйлеудің  бұзылуы  жатыр,  әуелі  оның  предикативті 

жағының  бұзылуы.  Орталық  ауытқу  –  белсенді,  өнімді  сөйлеудің  бұзылуы, 

белсенді сөйлеудің мүмкін еместігі.  

Клиникалық көрінісінде бұл ауытқу келесі жағдайларда көрінеді: 

 1) 


Белсенді,  өнімді  сөйлеуде.  Сөйлеуді  сөздік  шаблондар  және 

стереотиптермен  алмастыруы білінеді.  

 2)  Предикативті  сөйлеуінің  бұзылуы:    сөйлеу  тілінде  етістіктер  аз  немесе 

мүлдем  жоқ,  қысқа,  «бөлшектенген»  фразалар,  сөз  арасындағы  ұзақ 

кідірістер. 

 

Науқастарда  ырғақ  ренкісінің  жоқтығы  және  просодикасының 



бұзылуы,  психологиялық  белсендігінің  төмендеуі,  вербальді  белсендігінің 

жоқтығы  байқалады.  

Психологиялық  көрінісі  сөйлеу  тілдің  белсенділігі,  эмоционалды  –

мәнерлік қызметтерінің ауытқуынан коммуникативті қызметінің бұзылуымен 

сипатталады.    Ауызша  экспрессивті  және  іштей  сөйлеудің  формалары 

бұзылған,  ал    қайталау,  номинативті  формалары,  оқуымен  жазуы  сақтаулы 

болады.  Динамикалық  афазияда  монологты  және  толық  диалогты  сөйлеу 

тілінің  ауытқуы  айқын  көрінеді.  Экспрессивті  сөйлеуінің  күрделі 

бұзылуының  өзінде  қарапайым  есептеу  дағдылары  сақтаулы  болады. 

Дегенмен әрекеттің жоспарын құруды талап ететін арифметикалық есептерді 

шешуі күрт бұзылады.  (А. Р. Лурия, Л. С. Цветкова, 1966). 

Афазияның  барлық  түрлерін  бір  ортақ  қасиет  біріктіреді:  басқада 

жоғары  психикалық  қызметтері  және  адам  тұлғасымен  байланысты  күрделі 

психикалық  қызметі  түрінде    сөйлеу  тілінің  терең  зақымдалуы  орын  алады.  

Сөйлеу  тілінің коммуникативті  қызметінің  бұзылуы  бірінші  орында  тұрады. 

Афазия тәріздес сөйлеу тілінің бұзылуы бөлектенген түрінде сирек кездеседі.  




 

301 


Бұл бұзылыстар мидың зақымдалуының салдарынан пайда болған басқада әр 

түрлі кемістіктердің күрделі кешеңінін симптомдарының бірі болып келуімен 

түсіндіріледі. 

Сондықтан 

олар 

қозғалыс, 



сезімдік, 

кейбір 


кезде 

интеллектуалды  бұзылыстармен  қоса  жүреді.  Осы  жағдайда  әсіресе 

қимылдың бұзылыстары күрделі болып келеді. Бұл қозғалыстың ерекше түрі 

клиникада апраксия деп аталады. Апраксия – мақсатты әрекеттің бұзылуы. 

Қимылдың  дәл  осы  бұзылыстары  координациясының  бұзылуына,  сүйек-

бұлшық ет жүйесінің ауыруларына немесе сал және шала салдануына сертті 

емес. Бұл жағдайда қозғалыс мүшелерінің және қимылға келтіру қабілетінің 

тұтастығына  қарамай,  күрделі  қозғалыс  актісінің  жеке  компоненттерін 

керекті  іске  жұмылдыру  реттілігі  жойылады.  Қимылдар  өз  мақсаттылығын 

жоғалтады.  Моторлы  афазия  едәуір  дәрежеде  апраксиялық  бұзылыстармен 

серттелген.  Осы  жағдайда    сөйлеу  актісін  іске  асыратын  бұлшық  еттердің 

салдануы  (паралич)  немесе  шала  салдануы  (парез)  болмайды.  Дегенмен, 

артикуляция мүшелерінің  қимыл реттілігінің жоғалуына байланысты сөйлеу 

мүлдем мүмкін болмайды немесе күрт шектелген болады.  

Қазіргі  таңда  апраксияның  келесі  түрлері  ажыратылады:  моторлы, 

идеоторлы,  конструктивті,  кеністік  арақатынастық  апраксия,  графикалық, 

оральді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет