оптикалық, оптико-кеңістіктік, семантикалық және мнестикалық
дислексияны бөледі. Оның ойынша, балаларда дислексияның фонематикалық
және оптикалық түрлері байқалады. Басқа түрлері бас миының органикалық
бұзылысы салдарынан болған афазия кезінде белгіленеді.
Фонематикалық дислексия кезінде балалар екі-төрт жыл бойы дұрыс
оқуды үйрене алмайды. Біреулері жеке әріптерді үлкен қиындықпен
меңгереді және оларды буын, сөздерге қоса алмайды. Басқалары әріптерді
қиындықсыз меңгереді, бірақ буын, сөзді оқу үрдісі кезінде көптеген қателер
жібереді, өйткені оларға әріп графема болып табылмайды (графикалық
белгімен жалпыланған). Бұл автордың көзқарасы бойынша фонематикалық
естудің нашарлығымен шартталған.
Бұл балалардың сөйлеу тіл дыбыстары туралы түсініктері нақты емес,
тұрақсыз, олар оппозициялық, дыбысталуы бойынша ұқсас фонемаларды
ажыратулары қиын болып келеді. Сөздерді оқу үрдісі кезінде дыбыстарды
аналогия бойынша жатталған буын және сөзге сәйкестендіруде, буындарды
таңдауда қиналады.
Оптикалық дислексияда әріптер белгілі фонеманың жалпылама белгісі
ретінде саналмайтынымен белгіленеді. Сонымен, фонема мен графеманың
байланысы туралы түсініктердің қалыптасуының бұзылысы, фонематикалық
және оптикалық дислексияда да белгіленеді.
Оптикалық дислексиясы бар балаларда сөйлеу тілінен тыс кезде де көру
қабылдауының бұзылысы байқалады. Олардың кейбіреулері таныс түрлерді,
ұқсас заттарды қиындықпен ажыратады, суретті нашар салады.
Жарты шар бұзылысы кезінде сөздің сол жақ бөлігін оқуда қиындық
туғызады (Қанат – Жанат), керісінше оқу (зеркальное чтение), сөз оңнан
солға қарай оқылады, оқу кезінде әріпті және сөздің орнын ауыстырып алуы
байқалады. М. Е. Хватцевтің жіктеліңмінде оқу үрдісінің барлық
операциялары ескерілмейді. Баладағы айтылған дислексияның түрі оқудың
бұзылысының барлық жағдайын қамтымайды.
Р. И. Лалаева оқу үрдісі бұзылған операцияларын ескере отырып
дислексияның келесі түрлерін бөледі: фонематикалық, семантикалық,
мнестикалық, оптикалық, тактильді.
Фонематикалық
дислексия
фонематикалық
жүйе
қызметінің
жетілмегендігімен байланысты, яғни тілдік фонем жүйесі, онда әр бірлік
мағыналы ажыратылмалы белгілердің белгілі бір жиынтығымен сипатталады.
Әр фонема кез келген басқада бір мағыналы (немесе бірнеше) ажыратылмалы
белгімен ерекшеленеді. Мұндай жағдайда, өзара ұқсас алыс дыбыстар туралы
айтылады. Мысалы, к және з дыбыстары бір қатар белгілері бойынша
ерекшеленеді: әдісімен, жасалу орнымен, дауыс пердесінің қатысуымен. Егер
332
фонемалар бір мағыналы ажыратылмалы белгісімен ерекшелінсе, онда олар
жақын, оппозициялық болып табылады. Мысалы, с және з дыбыстары бір
белгілері арқылы ерекшеленеді (с-ысқырық, з-ызың). Сөйлеу тілінде
оппозициялық фонема топтары бөлінеді (ұяң, қатаң және ысқырық, ызың
т.б).
Сөздерде семантика, мағынамен байланысты, белгілі бір кезектілікте
бірінің артынан бірі жүретін, сөздерде шартты түрде фонема сәйкестіктерін
бөлуге болады. Сөзде бір фонеманың өзгеруі қаз-қас немесе кезектілігінің
маса-сама өзгеруі мағынаның өзгерісіне немесе оның бұзылысына алып
келеді.
Осыған байланысты В. К. Орфинская фонематикалық жүйенің келесі
функцияларын бөледі:
-
мағынаны ажырату қызметі (бір фонеманың немесе бір мағыналы
ажыратылмалы белгісінің өзгеруі, мағынаның өзгеруіне соқтырады);
-
фонемді естіп айту ажыратылымы (сөйлеу тілінің әр фонемасы басқа
фонемадан акустикалық және артикуляциялық ерекшеленеді);
-
фонематикалық талдау, яғни сөздерді оны құрайтын фонемаларға
бөлуі.
Балаларда ауызша сөйлеу тілінің қалыптасу үрдісінде сөйлеу
қызметінің даму негізгі шартына семантикаға сүйену болып табылады
(сөйлейтін балаларда мағынасы бойынша ажырату қызметі қалыптасқан).
Көптеген жағдайда балаларда фонематикалық қабылдау, талдау және
жинақтау функциялары жетілмеген болуы мүмкін.
Фонематикалық дислексияны фонематикалық жүйесінің негізгі
функцияларының қалыптаспағандығын есепке ала отырып екі түрге бөлуге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |