I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет181/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   256
Байланысты:
Logopedia

                                        

Дизорфографияның белгілері 


 

345 


 

Дизорфографиясы    бар  балаларда  грамматикалық  ұғымдарды  

қабылдап  түсінуі    қиындық  туғызады.  Мысалы,  ондай  балалар  «дыбыс»,  

«буын»,  «сөз»,  т.б.  ұғымдарды  есте  сақтай  алмайды  немесе    шатастырады. 

Олар  өз  бетімен  орфограмманың      мазмұнын    айтып,  қортынды  жасай 

алмайды.  Өтілген  орфограммаларға    дұрыс  мысал  келтіру,  тексеруге  керек 

сөздерді    табу  қиындық  туғызады.  Тексеруге  пайдаланатын    түбірлес 

сөздердің    орнына  көбінесе    айтылуы  ұқсас  сөздерді  айтады.  Балалар 

«тексеру» сөздер неліктен түбірлес  болу керек екенін  дәлелдей алмайды.  

       Морфологиялық    принцип    бойынша    орфограммаларды    меңгеру 

морфемнің    (жалғау,  жұрнақ)  лексикалық,  грамматикалық    мағынасын  

ажыратуын,    сөз  тіркестеріндегі,  сөйлемдегі    байланыстарын    бақылау  және  

синтаксистік  қортындылау дағдыларының  толық қалыптасуын  талап етеді. 

Дизорфографиясы    бар  оқушылар    көбінесе    бастауыш  пен  баяндауыш, 

баяндауыш  пен    толықтауыш  т.б.  арасындағы  байланыстарды    табуда, 

қателер  жібереді.  Сонымен  қатар  тасымалға  да   көп  қате  жібереді.  Оған  тән 

қателер:  бір  әріпті  тасымалдау,  жалғау,  жұрнақтарды    түбірден  ажыратпай  

тасымалдау ( мектепт-ен) мұндай қателердің жиі кездесуі  оқушылардың есте 

сақтау  қабілетінің    төмен  деңгейде  екенін    көрсетеді.  Сөйлеу  тілінде  

ауытқуы  бар    оқушылар    логопедтің    айтқан    сөздерін  тез  ұмытып    қалады, 

орфограммалардың    анықтамаларын  айта  алмайды,  орфографиялық  сөздікті  

пайдалана алмайды.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет