426
«С» дыбысының айтылуын тексеру үшін логопед қасық, тас, сиыр салынған
суреттері дайындады.
Материалды іріктеудің дұрыстығын бағалаңыз.
2-педагогикалық тапсырма
«Ш» дыбысының айтылуы тексеріледі. Балаға шкаф, шана, шаңғы, шалбар
суреттері ұсынылды. Тексеру материалы дұрыс аланды ма? Қатені тап.
3-педагогикалық тапсырма
«Ж» дыбысының айтылуы тексеріледі. Алынған суреттер: жалау, ожау, тәж.
Тексеру материалы дұрыс аланған ба? Пікіріңізді айтыңыз.
4-педагогикалық тапсырма
Сөйлеу тілінің дыбыстық жағын және фонематикалық түсініктерін
тексергенде бұзылыстар байқалмады. Сөйлеу тілінің қорытындысын
шығаруға мағлұматтар жеткілікті ме?
18. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеп алыңыз:
Тапсырмалардың қайсысы дыбыс айтуын тексеруге арналған:
1) Сөздегі бірінші дыбысты ата
2) Атауында «С» дыбысы бар суреттерді ірікте
3) «Ш» дыбысын естігенде қолыңды көтер
4) Тіліңмен «Кесе» жаса
5) «Сақа, тасбақа, қас» суреттерін ата.
19. Фонематикалық түсініктерін, дыбыс айтуын тексеру хаттамасын талдау.
Өңделуіне, тәсілдерді іріктеу дұрыстығына, қорытындылардың тексеру
нәтижелеріне сәйкестігіне назар аудару.
20. Балалардың белсенді және енжар сөз қорларын тексеруге арналған
тапсырмалар іріктеу.
21. Балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын тексеруге
арналған тапсырмалар іріктеу.
22. Сөйлеу тілін түсінуін тексеруге арналған тапсырмалар іріктеу.
23. Балалардың танымдық мүмкіндіктерін тексеруге арналған тапсырмалар
дайындау.
24. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеу:
1-тапсырма
Сөз қорын тексеруге арналған тапсырма:
1) Бір сөзбен қалай аталады (доп, қуыршақ, машина)
2) Суреттерде салыңған заттарды ата: раушангүл, тырна, қар
3) Суреттерде салынған заттарды ата: трамвай, троллейбус, құрылысшы
4) Суреттерде салынған заттарды ата: ескі-ешкі
5) «тышқан» сөзін естісең, шапалақ соқ