14-тапсырма
Сөзжасам дағдыларын тексеруге қай ойын жарамды:
1) «Төртінші артық»
2) «Керісінше айт: мен бір затты айтамын, сен көп зат болса қалай дейсің?»
ойыны
3) «Дыбыстың сөздегі орнын тап»
4) «Қатарды есіңе сақта да, ата»
5) «Киім тігетін адамды қалай атаймыз?»
15-апсырма
4 жасқа дейінгі баланың логикалық ойлауын тексеруге қай тапсырманы алуға
болады:
1) «тас-бас» сөздерінің айырмашылығы неде
2) Мәтінді айтып бер
3) 4 бөлшектен тұратын кесілген затты құрастыр
4) бір сөзбен ата
5) 8 бөлшектен тұратын кесілген затты құрастыр.
25. Базалық мектепке бару. Баланың сөйлеу тілін тексеруді төмендегідей
бағыттарда бақылау:
а) тексеру өтіп жатқан бөлменің қойылған талаптарға сәйкестігі;
ә) логопедтің тексеруге дайындығы:
- тексеру әдістемелерінің бар-жоғы, олардың қойылған талаптарға
сәйкестігі;
- баламен қарым-қатынасы;
- логопедтің балаға берген инструкциялары, олардың балаға түсініктілігі;
- тексерудің толықтылығы;
- логопедиялық тексеру қағидаларының іске асырылуы;
- алынған мәліметтердің тіркеліп жазылуы.
26. Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды өз бетінше тексеру, сөйлеу
қортындысын анықтау, сөйлеу картасын толтыру.
430
ДЫБЫС АЙТУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ
1. Балалардың дыбыс айту бұзылыстарының таралуына сипаттама бер.
2. Функциональді және органикалық (механикалық) дислалияға анықтама
бер.
3. Мономорфты және полиморфты дислалияға анықтама бер.
4. Ызың, ысқырық, сонор, таңдай арқылы айтылатын дыбыстардың
бұзылыстарына, түзету тәсілдеріне сипаттама бер.
5. Дыбыс айту бұзылыстарының артикуляциялық аппараттың жағдайына
байланысты екенін негізде.
6. Дыбыс айту бұзылыстарының кейбір жағдайларында фонематикалық
түсініктерінің деңгейін айқындау қажеттілігін негізде.
7. Дислалияны түзетудегі логопедиялық жұмыстың кезеңділігін айтып бер.
Тәжірибелік тапсырмалар
1. Ысқырық (С, З, Ц), ызың (Ш, Ж, Щ, Ч), сонор (Р, Л), таңдай арқылы
айтылатын (К, Қ, Г, Ғ) дыбыстардың артикуляциясын салу.
2. Жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстардың артикуляциясындағы
айырмашылықтарды атау.
3. Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстардың артикуляциясындағы
айырмашылық пен ұқсастықты атау.
4. Дислалияның түрлерін және олардың себептерін салыстыру:
3-кесте.- Дислалия түрлері.
Дислалия
түрі
Ұсақ
артикуляторл
ық
қимылдардың
жетілмеуі
Артикуляц
ия
мүшелеріні
ң
ақаулықтар
ы
*Ұсақ естіп
ажыратуын
ың әлсіздігі
Нейродинамикал
ық процесстердің
функциональді
бұзылыстары
Механикалы
қ дислалия
Сенсорлы
функциональ
ді дислалия
Моторлы
функциональ
ді дислалия
5.Тексеру барысында бала дыбыстарды айтуда «С» дыбысын «Ф»
дыбысына, «З» дыбысын «В» дыбысына ауыстырып айтатыны айқындалды.
Артикуляциялық аппаратта ауытқушылық жоқ. Дыбыстық талдау
дағдылары қалыптаспаған. Сөздік қоры және грамматикалық құрылымы
бұзылмаған.
431
Міндет: берілген мағлұматтарды талдап, сөйлеу тілінің қорытындысын
шығару.
6. Бала дыбыстарды айту кезінде «С» дыбысын «Т», «З» дыбысын «Д»-ға
ауыстырып айтады. Артикуляция мүшелерінің құрылымы және қимылдары
бұзылмаған. Дыбыстық талдау дағдылары қалыптаспаған. Сөздік қоры және
грамматикалық құрылымы қалыптыға сай.
Берілген мағлұматтарға сүйеніп сөйлеу тілінің қорытындысын шығару,
жұмыс жоспарын құрастыру, бұзылған дыбыстарды түзетудің тиімді тәсілдерін
белгілеу.
7. Бала ысқырық дыбыстарды ызыңдарға ауыстырып айтады. Тексеру
барысында сөйлеу тілінің лексикалық жағы, грамматикалық құрылымы
бұзылмаған; артикуляция мүшелерінде ауытқу жоқ; фонематикалық түсініктері
қалыптаспағаны айқындалды.
8. Берілген мағлұматтарға сүйеніп сөйлеу тілінің қорытындысын шығару,
жұмыс жоспарын құру, ысқырық (С, З, Ц) дыбыстарды түзетудің тиімді
тәсілдерін белгілеу.
9. Дыбыс айту бұзылыстарының түрлерін себепкер факторлармен
сәйкестендіру:
Достарыңызбен бөлісу: |