I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет25/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   256
Байланысты:
Logopedia

естіп тұрсың? То-о-он сөзінде ше? Ж-а-ан сөзінде ше?" 

Егер бала тапсырманы түсінбесе және сөзден керекті дыбысты айыра алмаса, 

онда  дыбысты  атап,  жәрдем  беру  керек.  Жаттығу  барысында  ол  дауысты 

дыбыстарды айыруды біртіндеп үйренеді. 

Содан  кейін  әр  түрлі  сөздер    құрамындағы  дауыссыз  дыбыстарды  айыруды 

ұсынуға болады. Бала белгілі бір дыбыстан басталатын сөзді тану керек. 

Мысалы,  бастапқы  дыбысы  М-дан  басталатын  сөзді  танып  алу  үшін 

араласқан бірнеше сөздердің тізбесін келтіреді: мал, алма, мақта, марал, қол, 



маса, тон, мәсі, орақ, май, мысық, тышқан, қозы

Егер  бала  дыбыстарды  айыру  тапсырмасын  мүлтіксіз  орындай  алатын 

болса, онда дыбыстарды бөлу тәсілін қолдануға болады. 

Бұндай жұмысты ойын түрінде жақсы өткізуге болады. Логопед балаға оның 

есімі  нақтылы  бір  дыбыстан  басталатынын айтып  тісіндіреді.  Мысалы  ол  М 

дыбысынан  басталады  деу  керек.  /Марат,  Мәлике/  "Ал  енді  саған  басқа  бір 

есімді  атаймын,  сен  оның  бастапқы  дыбысын  табуың  керек.  Мен  ол  есімді 

атағанда  сенің  табатын  дыбысыңды  көтеріп,  әрі  созып  айтамын.  Ықылас 

қойып  тыңда.  Жаңылмай,  дәл  табуың  керек".  Іріктеп  алынатын  сөздің 

бастапқы дауысты дыбысына екпін түсіріп тұратын болу керек. /Ат, Ася, от/ 

бала талданатын сөздің бастапқы дыбысын атауы керек. 

 

Содан  кейін  сөзден  дауыссыз  дыбысты  бөліп  алуды  ұсынуға  болады. 



Сөздің  соңында  тұрған  дауыссыз  дыбысты  бөліп  алу  оңай.  Ұяң  дыбыстарға 

аяқталатын сөздерді талдауға болмайды / кағаз, каз, жаз, мал және т.б./ 

Балаға таныс жеке заттар бейнеленген суреттерді көрсетуге болады. Мысалы, 

суреттегі  жапырақты  логопед  жапыра...  дейді  де,  баладан  соңғы  дыбысын 

айтуды сұрайды. Егер ол бұл тапсырманы түсінсе, онда өзіне таныс сөздердің 

соңғы  дыбыстарын  бөліп  алуға  ұсыныс  жасайды,  мысалы:  тас,  етік,  ит, 

мысық, лақ және т.б. 

Егер  бала  дыбыстарды  талдаудын  бұл  тәсілдерін  мүлтіксіз  орындай 

алатын  болса,  онда  сөздің  басындағы  дауыссыз  және  соңындағы  дауысты 

дыбыстарды  бөліп  алу  ұсынылады.  Ол  үшін  мына  сөздерді  пайдалануға 

болады. Мысалы: тау, ара, Сәуле, маса, және т.б. 



 

43 


Осы  тәсілдерді  бала  жеңіл  орындай  алатындығын  байқағаннан  кейін,  енді 

бұдан  гөрі  қиындау,  тапсырманы  орындауды  ұсынады.  Бала  берілген 

дыбыстан  басталатын  сөзді  өзі  табуы  керек.  Айналасындағы  өзі  күнделікті 

көріп жүрген заттардың ішінен К немесе М дыбысынан басталатын сөздерді 

іріктеп  табу  керектігі  айтылады.  Мысалы,  баланың  күделікті  көріп,  әрі 

қолданып жүрген сөздері:  күн, көрпе, май, көпшік, кино, мақта, көйлек және 

т.б. 

Келесі  тәсіл  –  дыбыстың    құрамы  бойынша  сөздерді  салыстыру. 



Айырмашылығы  тек  бір  дыбыстан  болатын  сөздердің  атауларына 

бейнеленген заттары бар суреттері іріктеп алып, балаға көрсетеді де, олардың 

аттарын атағаннан кейін дыбыстық айырмашылығын сұрайды. Мысалы: май-

тай, жүн-түн, бала-қала, табақ-сабақ, сабан-табан. Баланың түсінігін тексеру 

үшін  бұл  тәсілді  ауызекі  қолданып  та  көруге  болады.  Мысалы,  логопед 

балаға Манат-Жанат деген екі сөздің дыбыстық  айырмашылығын сұрайды. 

Бұл  қолданылған  тәсілдерді  сөйлеу  тілі  дұрыс  дамымаған  ересек 

оқушылардың оңай игере алатындығы жүргізілген тәжірибеден белгілі болса, 

ал  фонетика-фонематикалық  дамуындағы  кемістіктері  бар  немесе  жалпы 

сөйлеу тілі толық дамымаған балаларға айтарлықтай қиындық туғызады. 

Мектепте  оқитын,  дыбыстық  талдаудан  түсінігі  бар  балаларға,  күрделілігі 

қиындау  тапсырма  беріледі.  Оның  сөйлемді  сөзге,  сөзді  буынға,  буынды 

дыбысқа  бөлуді,  олардың  жүйелігінің  және  дыбыстардың  сөзден  орнын 

айыра алатындығын білетін-білмейтіндігін тексереді.  

Балаға  талдау  үшін  сөз  беріліп,  ол  сөздегі  дыбыстарды  санап,  қандай 

дыбыстардан  тұратынын,  олардың  сөзде  орналасу  жүйелігі  қандай  екенін 

айтуды,  сосын  екінші,  бесінші  және  т.б.  дыбыстарды  бөліп  алуды  ұсынады. 

Тексеру  күрделілігі  әр  түрлі  сөздерді  пайдалануға  болады.  Мысалы:  үй,  ат, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет