97
ұстайды /тербелісті сезіну үшін/, содан кейін бала өзінің
Ш және
Ж
дыбыстарын айтуын өзі тексере алады.
Нәтижеге жеткен соң буын, сөз, сөз тіркесі материалдармен дыбыстың
дұрыс айтылуын бекітеді, оны
Ш дыбысынан ажыратып алады.
Егер 3 дыбысы дұрыс болса № 5 зонд көмегімен С дыбысының Ш
дыбысын қалыптастырған жолмен Ж дыбысын түзету қиын емес.
Ш дыбысы болса Щ, Ч дыбыстарын айтуда қателік бола бермейді. Ол
тек Щ мен С, Ч мен Ц парасигматизмі жағдайында ғана кездеседі.
Щ дыбысын түзету үшін, ол С түрінде айтылса № 5 зонд немесе
шпатель қолданылады. Онда тілді механикалық құралмен аздап көтеріп және
кейін ығыстырып /жоғарғы артикуляция/ немесе тек кейін ығысқан /төменгі
артикуляция/ дыбысты дұрыс айтуға қол жеткізеді, одан соң әуелі
механикалық көмектен кейін оның жаттығулармен бекітеді.
Ч дыбысы Ц' /немесе Ц/ дыбысымен алмасқанда Щ дыбысын
түзеткендей механикалық әдіс ұсынылады. Бұл дыбысты түзету үшін Т
дыбысы негіз болатын тәсілді де ұсынуға болады. Егер тіл астына № 5 зонд
көмегімен дыбысты айтқан кезде, тіл шетін аздап көтеріп, сәл шегіндірсе
төмендегісі пайда болады. Щ дыбысынан Ч дыбысы ғана шығып қоймайды,
егер Ч буын меңгерілген болса одан Щ дыбысын алуға болады. Бұл жағдайда
әуелі ұзартып алып, содан соң біріккен дыбыстан оның фриктивті бөлігін
ажыратса жетеді /ЧЩ-ЧЩ,Щ/.
Достарыңызбен бөлісу: