Аспара
Қазақстан
мен
Қырғызстанның
шекарасында Тараз – Бішкек көлік жолынан
солға қарай ортағасырлық Аспара қаласының
орны
сақталған.
Қаланың
құлаған
қабырғаларының ұзындығы: солтүстігінде – 245
м, шығысында – 300, оңтүстігінде – 196 м жəне
батысында – 150 м. Цитадельдің (ішкі
қамалдың) аумағы – 190×160 шаршы метр,
биіктігі – 15 м. Қаланың негізгі бөлігі V – ХІІ
ғасырлар аралығында қаланған. Дегенмен, қазба
жұмыстары кезінде оның солтүстік-шығыс
шетінде орналасқан бөлігінің ХІV – ХV
ғасырларда болғандығы дəлелденді. Ұлы Жібек
жолының бойындағы қала ретінде Аспара қытай
жəне араб деректерінде (Сюань-Цзянь, Құдама,
ибн Хордадбех) жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |