Меркі
Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі
ауылының батыс жағында ортағасырлық Меркі
қалашығының орны бар. Меркі қаласы VІІ
ғасырдан бастап жазбаша деректерден белгілі.
Меркінің орталығының қираған орны шығыстан
батысқа қарай созылған төртбұрышты төбешік
болып жатыр. Қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде
биіктігі 1,5 – 2 метрлік ішкі қамал дуалының
(қабырғасының) қалдықтары бар. Ішкі қамалдың
іш жағы 110.75 м. төртбұрыш алаң тəрізді. Онда
əр түрлі үлгідегі жəне көлемдегі құрылыстардың
қалдықтары сақталған. Қазба жұмысы кезінде
көптеген
қыш
ыдыстар,
темір
пышақ
сынықтары, қоладан, шыныдан, тастан жасалған
əшекей бұйымдар жəне ауыл шаруашылығына
пайдаланылатын жабдықтар табылды. Меркіні
адамдар VІІ – ХІІІ ғасырларда мекен еткен.
Құлан
Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы Құлан ауылының
маңында ортағасырлық Құлан қаласының орны сақталған.
Құлан қаласы туралы VІІ ғасырдағы қытай, араб жазба
деректерінде айтылады. Құлан қаласында көптеген тарихи
оқиғалар өткен. Мысалы, 740 жылы түргеш бегі Құрсұл
Батыс Түрік қағандығының ең соңғы басқағы Ашина
Суйцзыны осы қалада өлтірген. 840 жылы араб əскерлері
Құланға дейін жеткен. Тараздан жəне Меркеден Құланға
дейінгі арақашықтық көрсетілген жол бағдарлары
жазылып сақталған. Қаланың орнынан шахристан, ішкі
қамал жəне шығыс жағында бекініссіз рабат болғандығын
байқауға болады. Ішкі қамал – биіктігі 7 – 8 метрге жуық,
төртбұрышты, 40Ч40 мІ алаңы бар төбе. Шахристаны
төртбұрышты төбе пішіндес. Ол ұзындығы 320 м, биіктігі
4 – 5 метрге жуық қабырғамен, сыртынан тереңдігі 1 м, ені
15 м ормен қоршалған. Қазба жұмыстарының нəтижесінде
ғимараттардың орнынан көптеген ыдыстар – құман, қазан,
құмыра, қақпақ, саптыаяқ, шырағдан, т.б. алынған. Құлан
орта ғасырларда Ұлы Жібек жолындағы ірі мəдени-сауда
орталықтардың бірі болған.
Достарыңызбен бөлісу: |