1. Конфликтімен және конфликтіге түсуші жақтармен танысу. Медиатр
проблеманың тарихын, оппоненттердің талаптарын зерттейді. Көптеген
конфликтілер спецификалық сипат алады, медиатрға проблеманың егжей-
тегжейін түсінуге, тиісті әдебиетті оқуға, мамандардан кеңес алуға тура келеді.
2. Конфликтіге түсуші жақтармен жұмыс істеу. Медиатр әдеттегідей,
қарама-қарсы жақтардың әрбіреуімен оларды бірлесіп келіссөздер жүргізуге
даярлау мақсатында бірнеше рет кездеседі (талаптар анықталады, кінәлау
алынып тасталады, тұжырымдар жұмсалады және т.б.).
3. Келіссөздер жүргізу- ең маңызды кезең. Олардың барысында медиатор
бірқатар
функциялар
атқарады:
жүргізушінің,
жаттықтырушының,
педагогтың және т.б. Ол оппоненттердің не және қалай айтатынын, қажет болса
оларды түзете, дем бере немесе айыптай отырып қадағалайды. Әрбір кездесудің
шағын болсын, бірақ алға нақты жылжу байқалатындай болуы қажет.
Конфликтіде үшінші жақтың іс-әрекетінің нәтижелі болуына ықпал ететін
бірқатар факторлар бар:
7. негізгі фактор болып екі жақтың да бірлескен жұмысқа ынталануы,
делдалдың пікірін ескеруге, олар ұсынған шешімді қабылдауға әзірлігі
табылады;
8. медиацияның тиімділігі үшінші жақтың іс-әрекет сипаттарының
ерекшеліктерімен анықталады;
9. үшінші
жақтың
әрекеттеріндегі
табандылық
қатысушылардың
алауыздығы олар үшін принципті мәселелермен байланысты болғанда
және конфликтінің шиеленісушілігі ерекше жоғары болғанда нәтижелі
болады (Кохен, 1978; Колб, 1983);
10. конфликтінің шиеленісу дәрежесі;
11. конфликтінің ұзақтығы. Ұзақ созылатын конфликтілерді реттеу жылдам
өтетіндерге қарағанда қиынырақ.(Анцупов, Шипилов, 1993);
12. жақтардың арақатынастарының сипаты. Өзара қатынастар неғұрлым
күрделі, шиеленісті болса, делдалдық соғұрлым аз тиімді болады;
13. медиатрдың
ерекшеліктерімен
емес,
ситуациямен
анықталатын
конфликтілерді реттеудің таңдалатын тактикалары мен техникалары.
Келіссөз процесінің дамуының ішкі циклі бар, оның барысында
қатысушылардың медиатрға сенімі, олардың конфликтіні шешу қажеттілігі
артады және бәсеңсиді. Делдалға келіссөздердің сыни сәттерін пайдалана білу
маңызды, сонда олардың істейтін әрекеттері барынша табысты болады.
Келіссөздер барысында медиатрдың оппоненттермен өзара әрекеттесу
тактикалары әр түрлі болуы мүмкін:
1. Бірлескен кездесуде кезектесіп тыңдау тактикасы. Жақтардың ажырауы
мүмкін емес болғанда, өткір конфликт кезеңінде ситуацияларды анықтау және
ұсыныстарды тыңдау үшін қолданылады.
2. Ымыраласу. Оның спецификасы мынада: делдал екі жақтың да
қатысуымен келіссөздерді ұзақ уақыт жүргізуге талпынады. Бұл кезде келісімді
шешімдер қабылдауға ерекше көңіл бөлінеді.
3. Алып сатарлық
дипломатия
.
Медиатр конфликтіге түсуші жақтарды
бөледі және келісімге келудің әр түрлі аспектілерін қиыстыра отырып олардың
арасында үнемі жүріп тұрады.
-мәселені талқылау үшін уақыттың болуы, позитциялармен мүдделерді
анықтау шешім жасау:
- үшінші жақ;
-дер кезіне бролуы;
-күштердің тендігі;
- мәдениет:
-құндылықтар бірлігі;
-тәжірибе;
- қатынас.
Достарыңызбен бөлісу: