Проблеманы шешуден кету, немесе қашу, шығын аз болып тұрған кезде
конфликтіден шығу әрекеті болып табылады. Конфликт барысындағы осы
тәріздес мінез-құлық стратегиясынан ерекшелігі сол, мұнда оппонент оған өз
мүдделерін белсенді стратегиялардың көмегімен іске асыру әрекеттері сәтсіз
болғаннан кейін өтеді. Дұрысын айтқанда, әңгіме конфликтінің шешілуі
жайында емес, оның сөнуі жайында болып отыр. Қашу қайшылықтарды шешу
үшін күш пен уақыттың жоқтығы, уақыт ұтуға ұмтылу, өз мінез-құлық бағытын
анықтауда қиындықтардың болуы, проблеманы мүлдем шешкісі келмеу кезінде
қолданылады.