Ішкі ағзалардың төмен түсуі
Асқазан ішек тағы басқа ағзалардың төмен түсіп кетуіне құрсақ бұлшық еттерінің босап,
созылуы себеп болады. Ол кенет азып, арықтап кеткен адамдарда, көп бала көтерген аналарда, ауыр
жұмыстан қажыған, әлсіреген адамдарда кездеседі. Мұндай жағдайда асқазан, ішек-қарын, болымсыз
тамақ ішсе де асқазан керіп, толып тұрғандай ауырады, ас қорытуы нашарлайды.
Іш құрылысы төмен түсіп кеткенде ең тиімді құрал – гимнастика. Оны пайдаланбай-ақ, ішті
тартып тұратын бандаж (құрсау) киюге болады деген түсінік бар. Бірақ үнемі құрсаудың астында
жүрген бұлшық ет уақыт өткен сайын семіп, босап қалады, аурудың әрі қарай асқынуына ықпал
жасайды. Сондықтан бұлшық ет, сіңір тарамыстарды шымырлап шыңдаған дұрыс. Сонда ғана табиғи
құрсау пайда болып, ішкі құрылысты қалпына ұстап тұрады. Ол үшін барлық бұлшық еттерге, бүкіл
денеге жаттығулар жасалады.Тек секіруге, демді іште ұстап тұруға, күш түсіретін тартылулар жасауға
болмайды. Себебі ол құрсақ ішіндегі қысымды жоғарлатады. Осыған орай емдік гимнастика
методикасының өз ерекшелігі бар. Олар: жаттығулар жасау үшін төсектің аяқ жағы көтеріңкі болу
керек. Адам тек екі қырынан жатып, еңбектеп тұрып қана жаттығулар жасайды (бір қолды көтеріп, бір
аяқ, бір қолды бірден көтереді, «қайшы», «велосипед», алма-кезең аяқтарды көтері т.б.)№
Науқас адамға секіруге, жүгіруге, тартылуға болмайды, күш жұмсайтын жаттығулар
қолданбайды. Еске ұстайтын бір жай – жаттығулар жасаған кезде құрсау киіп алған жөн.
Жаттығулар басында баяу, ақырын жасалып, біртіндеп күрделінеді. Дегенмен ырғақты,
мөлшерлі болғаны жөн. Қанша қайталанатынын адм өз жағдайына қарай ықшамдайды.
Өз бетінше дене тәрбиесімен айналысатын адамдарға мөлшерлі жүзу, ескек есу, шаңғы тебу,
волейбол, теннис ойнау өте пайдалы, өйткені осының бәрі құрсақ бұлшық етін жетілдіріп,
машықтандырады, іштегі қысымды қалпына келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |