Бауыр қабынуын медицинада – гепатит дейді. Ол өзінің ағымына қарай жедел созылмалы
Денеге түскен инфекция, өндіріс-құрылыстың зиянды қалдықтарымен улану (фосфор,
қорғасын-мырыш ұнтақтары), дәрілердің артық әсері, тамақтан улану, жүрек-тамыр ауруларында
асқынып қанның жүрмей көк тамырда тоқтап қалуы, араққа салынып алкоголизмге ұшырау, басқа ішкі
Гепатит ауруын халық арасында сары ауру деп айтады. Бұл, әсіресе, балалар арасында жиі
кездесетін, жедел инфекциялық түрі Боткин ауруы өте жұқпалы. Балабақшаларда бір бала науқастанса,
лезде басқалары да ауырып қалады. Сол сияқты тазалық сақталмаса да, дәрі жіберетін ине арқылы
Оның қандай түрі болмасын, білінетін негізгі үш белгісі бар: көздің ағы мен терінің сарғаюы,
дененің қышуы және бауырдың үлкеюі. Осыған қоса бауыр тұсының ауруы, әлсіздік, үлкен дәреттің
Терінің және кілегейлі қабықтың сарғаюы бауыр клеткаларының қабынуынан, өт
жолдарының әр түрлі себептерден жабылуы салдарынан, өт пигменттері қанға өтуінен болады. Сол
пигменттер (ткань бояуы) нерв талшықтарына, оның ұштарына әсер етіп, денені қышыта бастайды.
Бауыр клеткалары, өт жолдары қабынып, кейде тас байланып қалғанда бауыр өз-өзінен
Ал гепатиттің созылмалы түрінде оң жақ қабырғасының асты ауырып, ауызға қышқыл дәм
келіп, құрғап, айнып, кекіртіп, тәбетін тартқызбай, ас қорытуы бұзылады.
Өт жолында тас байланғанда бұл айтылған белгілері айқындалып кетеді. Адамның мазасын
кетіретін жағдай туады. Ыстығы көтеріліп, іші кеуіп, бауырдың тұсы пышақ кескендей қинап
ауыртады.
Мұндай ауруға себепкер, денедегі зат алмасуы, оның ішінде холестерин алмасуы бұзылып,
өт құрамы өзгереді, сондықтан олар тас болып байланып қалады.
Дұрыс тамақтанбау, қимыл-қозғалыстың тапшылығы шамадан тыс толысу, подагра (белоктік
зат алмасу процесінің бұзылуынан буынның жуандап, ісініп ауруы) т.б. осындай зардапқа әкеп соғады.
Холецистит - өт қабының қабынуы. Бұл да жоғарыда көрсетілген себептерден және асқазан,
ұйқы бездері ауырғанда қосымша кездеседі.
Бауыр, ет жолдары зақымданғанда комплексті емдеу қолданылады. Ең алдымен тамақтану
тәртібі (диета) жолға қойылады. Майлы, қуырылған, ащы тағамдарды жеуге болмайды. Сүт, арық ет,
жеміс-жидек, қарбыз, қауын, ірімшік т.б. өте пайдалы. Кеңінен дәрі-дәрмек пайдаланады. Оның ішінде
шөптен жасаған тұнбалар, мәселен, шөпшай, шәйқұрай, усарғалдақ, жүгері шашағы, сұлы өте
пайдалы.
Шөпшайды шетен мен бұжыр шәйқұраймен, жүгері қауызымен, күнбағыс гүлімен және
қызылтаспамен қосып тұнбасын ішкенде бауыр, өт ауруларына қарсы емдік қабілетінің тиімділігі арта
түскен.
Біздің негізгі мақсатымыз – дене тәрбиесін насихаттау болғандықтан, емдік гимнастиканың
қасиетіне көшейік. Дұрыс қолданған жаттығулар дәрісіз де өт жолын ашып, оның ағып ішекке түсуіне
көмектеседі. Дене тәрбиесі қатты шаншып ауырмаған кезде тағайындалады.
Емдік гимнастиканың жиынтығы жалпылама жаттығулардан, тыныс алу және бұлшық
еттерді босаңсытатын жаттығулардан тұрады. Жасалған қимыл-қозғалыстар тыныс алумен ұштасып
отыру керек, өйткені ішке терең дем алған кезде, құрсақтың көк еті (диафрагма) бауырға массаж
сияқты соққылап әсер етеді. Оның өзі бауыр ішіндегі қан-лимфа айналымын жақсартады да, еттің
жүру жолын ашады. Мұндай жаттығулар жасағанда адам оң жағында жатса, өттің жүруіне үлкен
ықпал жасайды. Сол сияқты төрт тағандап шынтақпен тіреп, тізерлеп тұрса, ал жаттығулар жасағанда
шалқадан жатса, өте нәтижелі болады. Түрегеліп тұрып бір орында жүру, тізені жоғары көтеріп қимыл
жасау пайдалы. Жаттығулар байыппен, асықпай, бірқалыпты ырғақпен 20-30 минут жасалады.
Санаторий-курорт жағдайында ауруларға іштің бұлшық етін шынықтыруға көңіл аудару
керек. Ол үшін көбірек серуендеген пайдалы.
Достарыңызбен бөлісу: