«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет20/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

 

Қазтабан 

       Жалаң аяқты суға малып алып еденге басса, ортасы ойықтабанның көрінісі қалады. Өйткені 

табан күмбез тәрізді көтеріңкі. Сондықтан оның көлденең және ұзыншақ күмбездері бар. Сол арқылы 

адамның  салмағы  мен  серпінділік  қызметіатқарылады.  Осы  күмбездердің  жарым-жартылай  немесе 

толық төмен түсуі қазтабан деп те аталады. Қазтабан балаларда да, үлкендер арасында да кездеседі. Ол 

іштен  туа  пайда  болуы  –  жатырдағы  баланың  жетілуіне  зиян  келуінен.  Жүре  пайда  болған қазтабан 

мешел, сүйек аурулары, жарақаттану т.б. жағдайларға байланысты. 

       Ел  арасында  көп  тараған  түрі  –  статикалық  (орныққан,  қозғалмайтын)  қазтабан.  Ол  табан 

бұлшық еті мен сіңірдің созылуынан. Күні бойы жұмыс бабымен тік тұрып, аяғы талған адамдарға жиі 

кездеседі. Сол сияқты қан тамырларының ауруы (эндоартрит, тромбофлебит), ыңғайсыз аяқ киім (биік 

өкше, иілмейтін қатты табан) үлкен әсерін тигізеді. 

       Үшкір  тұмсық  аяқ  саусақтарды  қысып  қисайтып,  қажап,  табанды  жалпайтып  жібереді.  Аса 

кең  аяқ  киім  де  пайдалы  емес.  Киген  кезде  аяқ  киімнің  арты  өкшені  қысып  ұстамаса,  алдымен 

қисайып, кейіннен қазтабан болады. 

       Табанның  жалпаюы  аз  қимылдайтын,  сіңір  бұлшық  еттері  жетілмеген  әлжуаз  және  үйде 

үнемі қымтанып киінетін, сол сияқты семіз адамдарда кездеседі. 

       Статистикалық қазтабан басталған кезде аяқ жылдам талып, шаршап, табан-өкше, жіліншік, 

сан бұлшық еттері ауыра бастайды. Кейбір кезде бел де сыздайды. Кешке қарай ауырғаны үдеп, табан 

қызып,  аяқтың  басы  іспектеліп  кетеді.  Осы  белгілер  байқалған  соң  дереу  ортопед  дәрігерге  көріну 

керек. Оған қаралмай жүре берсе ауру үдеп кетеді, жүрісі тұсалған аттай кібіртіктеп қалады. Кейде екі 

аяқ алшақтап, тізе шодырайып алға шығып, қолдарын сермеп тәлтіректей жүреді. Осындай жүріспен 

жамбас қисайып кетуі ықтимал. Күн өткен сайынауру асқына береді, тіпті қозғалуға зар болып қалады. 

       Осы  қиындыққа  ұрынбау  үшін  бала  кезден  табанның  еті  мен  сіңірлерін  жетілдіруге  ықпал 

жасау  керек.  Нәресте  өзі  аяғын  басқанша  тиіспеу  керек,  ерте  жүргізуге  асықпаған  жөн.  Аяқ  киімнің 

табаны қаттылау болғаны дұрыс. Аяқ киімнің табаны жұмсақ болғанынан бұлшық ет шынықпайды. 

       Күні бойы түрегеліп тұрып қызмет  атқаратын адамдар (сатушы, шаштараз, мұғалімдер т.б.) 

қалайда  аяғына  бір  жеңілдік  беру  жағын  ойлау  керек.  Ол  үшін  екі  аяқты  қатарынан  қойып,  сыртқы 

қырынан біраз тұрады. Үзіліс кездерінде аяқты орындыққа қойып, немесе сырмақта көсіліп отырудың 

өзі бір рахат, аяққа да жеңілдік әкеледі. 

       Бұл  онша  байқалмайтын  ақау  болғандықтан  емдеуі  өте  қиын.  Табанның  жалпағы  қайтеді 

дерсің, ден сау балсын деп жүре беретін, оны елемейтін адамдар  кездесіп қалады. Мұндай  жағдайда 

ауру асқынып, ішкі ағзаларға әсер ете бастағанда ғана емдеуге кіріседі. 




       Басқа  емдеу  әдісінің  ішінде  ең  тиімдісі  –  дене  тәрбиесі.  Омыртқа  сырқатындай,  қазтабан 

болған адамның да организмін шынықтырып, нығайтуға әсері мол. Осыған орай емдік гимнастиканың 

белгілі әдістері мен методикасы толық қамти беріліп, әлсіз органды жетілдіреді. 

       Аяқтың бұлшық еті мен сіңірін созылғыш қалыпқа келтіруде гимнастикалық жаттығулардың 

орны бөлек. Алғашында салмақ түсірмейтін жаттығулар жасайды. Ал қан айналымын жақсарту үшін 

массаж және жылытатын емдеоді қоса қолданады (балауыз, балшық, тоқ т.б.). 

       Қазтабан болған адам күнде тәңертең 5-6 минут арнайы жаттығулар жасайды. Оны жалаң аяқ 

жүруден  бастайды.  Алдымен  табанды  толық  тіреп,  кейін  аяқтың  ұшымен  жүреді.  Одан  соң  сәл 

жүреден отырып, табанның сыртымен жүріп, ақырында аяқтың ұшымен секіріп жаттығуды аяқтайды. 

       Орындықта  отырып  аяқты  созып,  ұшын  бүгіп  бір  нәрсеге  қатты  тірейді;  бүгілген 

саусақтарды еденге тірейді; саусақтармен ұсақ заттарды жерден теріп алады. 

       Осындай  жаттығулар  арқылы  жіліншік  бұлшық  етін,  саусақтарды  қимылға  келтіретін  ұзын 

еттерді,  сіңірлерді  жетілдіріп  нығайтады.  Соның  нәтижесінде  табанды  қалпына  келтіреді.  Арнайы 

жаттығулар  жинағын  мектепте  дене  шынықтыру  сабағына  енгізсе,  тіпті  жақсы.  Тәжірибе 

көрсеткендей, емдеуі балалар арасында неғұрлым ерте бастаса соғұрлдым нәтижелі болады. 

       Аяқ  киімнің  ішіне  супинатор  салу  ел  арасында  көп  тараған.  Бұл  арнайы  пластмассадан 

жасалған ұлтарақ, оны табанға салғанда қазтабан жөнделмейді, тек аяқ шаршауы, ауруы кемиді. Оны 

көп  қолданса,  адам  үйреніп  алып  шешпей  қояды.  Бірақ  ұзақ  кигеннен  бұлшық  еттер  мен  сіңір 

жетілмей, керісінше семіп қалады. Сондықтан оны салғанда да жаттығуларды міндетті түрде орындау 

керек. 


       Дене  тәрбиесінен  жаттығулар  жинағы  қандайкөмек  бергенін  анықтауға  болады.  Оның 

бірнеше  әдісі  бар.  Ең  кең  тараған  танымал  түрі  –  плантография.  Ол  үшін  табанды  10%  боялған  жер 

неғұрлым  көп  болса,  онда  қазтабан  нағыз  өзі.  Жаттығуларды  әрі  қарай  жалғастыра  беру  керек. 

Нәтижесін жоғарыдағы әдіспен анықтап отыруға болады. 

       Түрегеліп  тұрғанда  екі  аяқтың  басын  екі  жаққа  жіберіп,  тұруға,  тіпті  жүруге  де  болмайды. 

Өйткені салмақ табанның ішкі қырына түседі, содан барып өкшенің қисайып кетуі ықтимал.  

       Дайындық бөлімінде берілген жаттығулар жіліншік бұлшық еттерін бірде босаңсытып, бірде 

қатайтып, аяқтың басын дұрыс ұстауға дағдыландырады. 

       Негізгі  бөлімінде  адам  жүрісін  ықшамдап,  тепе-теңдік  қалпын,  денені  тік  ұстауды 

қалыптастырады. Сол үшін аяқ саусақтарына қатысты бұлшық еттерді шынықтырады (башбайлармен 

ұсақ заттарды қамтып ұстау, оқтауды сырғанату, допты дөңгелету т.б.).  

       Қорытынды бөлімінде тек берілген жаттығулар емес, емдік гимнастиканың бұқаралық түрін 

кеңінен қолданады. Мәселен, суда жүзу «кроль», шаңғы, коньки тебу, жақын жерге жорыққа шығып, 

жазық жолмен жоғары көтерілу. Тек аяққа көп салмақ түсіретін ауыр зат көтеруге болмайды, секіретін 

жаттығулар жасалмайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет