Косметикалық массаж. Дененің ашық жерін, бет әлпетін әдемілеу үшін қолданатын
массаждың түрі. Оның өзі профилактикалық және емдік косметикалық массаждар болып екіге
бөлінеді. Профилактикалық массаж адам бетіне, мойнына, қол-аяққа әжім түспеуі үшін, олардың
көркін, әдемілігін сақтау үшін қолданылады.
Ал емдік массаж денедегі косметикалық ақауларды, іштен туған кемтарлықты жөндеуге
арналады. Бетке шыққан безеу, тыртық, қан тамырларының кеңіп кетуі косметикалық массажды өте
қажет етеді.
Терідегі кемшіліктер де өз – өзінен пайда болмайды. Ол күтімнің жоқтығынан немесе дұрыс
жүргізілмеунен пайда болады. Қол мен бет -ажарын күткісі келген адам өз терісінің қасиетін жақсы
біліп алуы керек. Ол үшін дәрігер косметолыққа көрініп оның кеңесін тыңдаған жөн. Осыған
байланысты бет терісін анықтау үшін аздаған кеңес бере кетейік
Саусақтардың ұшымен бетіңіздің терісін қысып ұстаңыз егер босақан кезде біразға дейін
кетпесе, онда бет терісінің құрғақ болғаны. Олай болса мұндай бетке нәрлі және майлы крем
пайдаланған жөн. Мұнан кейін қолға тазалап сүртілген айна алып, оған мұрынның ұшын, маңдайды,
бетті тигізеді. Сол арқылы бет терісінің майлы не құрғақ екенін айыруға болады. Бет терісін күтуде
арнаулы гимнастикамен бірге массаждың мәні өте зор. Массажды бетке крем жаққанда жасауға
болады. Крем жағу үшін және онымен бірге массаж жасау үшін адам өз бетіне тән тері сызықтарын
білу керек. Тері сызықтары деп ең аз созылатын терінің сызықтарын айтады. Міне, массаж жасағанда
осы сызықтардың бойын бағытын еске ұстау қерек. Бетке массаж жасағанда саусақтардың ұшымен
жай сипайды немесе шапалақтайды.
Массаж жасардың алдында бетке майлы кремді сығыстырып жағып алады. Көздің айналасына
жай ғана сипалап жасайды. Ал иектің астын шапалақтау керек.
Міне, осындай қарапайым да оңай қимылдар арқылы косметикалық массаж жасап, бет терісінің
әрлі болуын қамтамасыз етуге болады.
Бетке түскен әжімдерді кетіру үшін оны тудырған себептерді білу керек. Сонда ғана әр түрлі
косметиканы қолданған дұрыс. Оған салқын – ыстық компресстер, маскалар, булау әдістері және
массаждар жатады. Бұл косметикалық массаждың кішкене ғана бір бөлігін.
Сонымен, косметикалық массажды екі түрге бөледі: гигиеналық және емдік массаж. Бұл
бөлудің өзі тек шартты түрде ғана өйткені гигиеналық массаждың да емдік әсері бар: терінің тез
қартайып, солмауын қамтамасыз етеді. Гигиеналық массажды, көбінесе терісі құрғақ адамдарға
қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |