ҚОЛ –АЯҚ ЖАРАҚАТЫНА АРНАЛҒАН МАССАЖ ТҮРЛЕРІ
Адам денесіндегіең көп қимылдайтын, көп жұмыс жасайтын мүшелер – аяқ пен қол. Бәрімізге
мәлім, қолдың қалам-қарындаш ұстағаннан бастап, жер қашап, отын бұтап... барлық техниканы
меңгеруде атқаратын ролі ерекше. Аяқтың арқасында жәй жүрүден бастап мың бұралып билеуге, биік
шыңды тауларға шығуға деін барамыз.
Міне, осындай күрделі қимыл-қозғалыс жасаушы органдар – қол мен аяқтың жарақаттанып қалуы
да өте жиі кездеседі. Сондықтан әр адам денедегі болатын барлық ақауларға қолданатын массаждың
түрін білмесе де, осы аяқ-қол жарақаттанға жасалатын массаждың тәсілдерін есіне сақтауға тиіс.
Аяқ-қолдың жарақаттануы бір затқа соғып алса, бұлшық ет пен теріге зиян келіп көгеріп қалады,
оқыста аяғы тайып кетсе, тобығы шығып не сіңірі, тарамасы созылып кетеді, ал одан күрделі
оқиғаларда (күрескенде, төбелескенде, секіргенде) буыны онынан шығып, әйтпесе сүйек сынады.
Міне, осының бәріне бірдей массаж қолданылады.
Тірек-қозғалыс аппараты зақымданғанда қолданатын массаждың негізгі мақсаты: буындардағы,
буын маңындағы еттердегі және басқа элементтеріндегі қан айналысын, зат алмасуын жақсарту,
ауырғанын басу, жиналған сарысуды, ісікті тарату, сынған кезде сүйек мүйізгегінің тез құрылуына
ықпал жасау, бұлшық еттің жансыздануын болдырмау, буын қозғалысын қалпына келтіріп, соның
сіресіп қалмауына көмектесу.
Массаж жасаған кезде қан тамырлары кеңнеійп, қанның ағыны, сол арғылы буындағы ісік
ыдырап, ауырғаны басылады.
Достарыңызбен бөлісу: |