I бөлім не үшін үйлену керек?


Коммуникация vs транзакция



Pdf көрінісі
бет24/62
Дата30.01.2022
өлшемі1 Mb.
#24541
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62
Байланысты:
Ne ushin uilenu kerek x Daniyar Zhigitbek

Коммуникация vs транзакция
 
Қыз-жігіт болып үйлену ниетімен кездесіп жүргенде 
ең басты назар аударатын нәрсе ол — коммуникация. 
Коммуникация — екі адамның бір-бірімен сөйлесе алу, бір-
бірімен бір мәселені талқылай алу, ой бөлісе алу қабілеті. 
  Өткенде ресторанда бір жұпты көрдім. 
Түсінуімше, ерлі-зайыптылар. Бір-бірімен коммуникация 
жасағанын көре алмадым. Екеуі де үнсіз отырды. 
Арасында телефондарын шұқылап кетті. «Не жейсің?», 
«Ананы жеймін» дегендей диалог болды. Бірақ бұл —
коммуникация емес, транзакция. Кәдімгі банкоматқа 
барып транзакция жасаймыз ғой, сондай. «Картаны сал» 
дейді, саласың, «ал» дейді, аласың. Сонымен банкоматпен 
қарым-қатынасың аяқталады. 
  Тұрмыстағы транзакция мысалын келтірейін. 
Дастархан басында әйелі бір әңгіме бастайды. Әңгіме 
болғанда мынадай форматта: «Бәленше той жасайын деп 


60
Коммуник
ация vs тр
анз
акция
III БӨЛІМ
жатыр екен. Қанша береміз?», «Түгенше», «қашан болады 
екен?», т.б. 
 
Аға-жеңгелеріңді сырттай бақылап көрші. Көп 
жағдайда оларда коммуникаця бола ма, транзакция ма? 
Олар проблемаларын қалай талқылайды? Ой, идея бөлісе 
ме? 
 
Бұрын кейбір ағаларымыз жас кезінде ішіп алмаса, 
қызбен сөйлесе алмайтын. Қазір солар ердің жасы елуге 
келіп қалды. Дастархан басында жөні түзу әңгіме айта 
алмайды. 
 
Бізге коммуникация жасауды үйрену керек. 
Ажырасулар осы коммуникацияның жоқтығынан болып 
жатыр деп ойлаймын. Екі тарап бір-бірімен адамша 
сөйлесе алмайды. Бір-бірін тыңдамайды. 
 
Құрметті інім, сен үйленбей тұрып өзіңе қарашы. 
Қыздармен коммуникация құра аласың ба? Мүмкін бір 
оқырмандар клубында бірге дамып жатқан таныс қызың 
бар шығар. Жай онымен сөйлесе аласың ба? Ой бөлісе 
аласың ба? Бір проблеманы талқылай аласың ба? 
 
Бір қызға ниет білдіріп, сөйлесіп жүрсің дейік. 
Екеуің кафеде отырсыңдар. Не жайлы сөйлесесің? Жалпы 
сөйлесе аласың ба? Әлде арада бір барьер бар сияқты ма? 
 
Кейде бір адаммен коммуникация құрып кету 
үшін бір емес, бірнеше кездесу керек болуы мүмкін. 
«Үш кездесу» деген қатып қалған қағида жоқ. Бастысы, 
оңаша қалмайтындай бір көпшілік орында ол кісімен 
коммуникация құра алатындай деңгейге жеткенше кездесе 
бере аласың. Жай адамша сөйлесу дейді ғой. Ойыңды еркін 
жеткізіп, талабыңды еркін айтып. Барынша шынайы болып. 


61
Коммуник
ация vs тр
анз
акция
III БӨЛІМ
 
Бәлкім проблема қарым-қатынаста емес, сенде 
болуы мүмкін. Яғни, сен қыз ғана емес, жалпы адамдармен 
дұрыс сөйлесе алмайтын шығарсың. Онда ренжіме, 
сонымен жұмыс істе дер едім. Коммуникацияңды түзе. 
Психо травмаларың ба екен сені дұрыс сөйлесуден 
тосатын әлде басқа ма? Қысқасы кітап оқисың ба
ақылды адамдармен көбірек сөйлесесің бе, әйтеуір 
коммуникацияңды жөнге келтіріп ал дер едім. 
 
Ертең отбасылы болғанда алдыңнан көп проблема 
шығады. Ол проблемалар коммуникация арқылы шешіледі. 
Коммуникация нашар жерде проблема шешілмейді. 
Керісінше көбейеді.
 
Қазақ қоғамында ойын ашық айту мәселесі ақсап 
тұр. Бұл дұрыс емес эмоционал тәрбиенің салдары болуы 
мүмкін. Бәлкім ата-анаң сенің эмоция, ойларыңды басып 
тастап тәрбиелеген шығар. Соның зардабын әлі де тартып 
жүрсің. Оларды кешір де, жауапкершілікті өз қолыңа ал. 
Өзіңді зертте. Психологиялық кітаптар оқы. Өзгелермен 
коммуникация құруды үйрен. Басқаның ойын мұқият 
тыңдауды үйрен. 
 
Көбірек кітап оқышы. Әдетіңе айналдыр. Кейін 
отбасылық өмірде көп көмегі тиеді. Мысалы, кешке 
жұмыстан келгенде дастархан басында жұбайыңмен не 
жайлы сөйлесесің? Кітаптан оқығаныңды бөлісіп отырсаң, 
керемет емес пе? 
 
Менің сондай бірнеше досым бар. «Кітап 
сүйер қауым» деген марафон жасағанбыз. Ол жайлы 
«Лайфхактар» кітабымнан оқыған шығарсың. Сол жігіттер 
айтады «кітап оқуды әдетке айналдырғалы жұбайыммен 


62
Коммуник
ация vs тр
анз
акция
III БӨЛІМ
уақыт өткізу қызық бола бастады» деп. Айтады ғой 
«таяз адамдар адамдарды сөз қылады, орташа адамдар 
оқиғаларды баяндайды, ал жоғары санаттағы адамдар 
идеяларды қозғайды» деп. Кітап – идеялардың, тың 
ойлардың сарқылмас қазынасы. 
 
Кітап оқитын ерлі-зайыптылар қандай бақытты! 
Бөлісетін нәрсесі көп болған сайын коммуникация да 
жақсарады деген сөз. «Кітап оқуды тоқтатқан адам 
ойлануды да тоқтатады» дейді Дидро. Көп проблемалар
мысалы, кредит алу, ажырасу, тірі жетім балалар, т.б. 
ойланбаудан пайда болып жатыр емес пе? Кітап оқыған 
адамның сөздік қоры артады. Демек, коммуникация құралы 
күшейе түседі деген сөз. Адам бір нәрсе бөлісуі үшін ол 
нәрсе оның миында болуы керек қой. Ойлашы, миында 
кітаптан алған сапалы дүниесі жоқ адам несін бөліседі? 
 
Жұптардың коммуникациясына қарап, олардың 
үйленген соң қалай өмір сүретінін бағамдай беруге 
болады. Кез келген проблеманы дұрыс коммуникация 
құрып шешіп тастауға болады. Сен үйленбей тұрып қандай 
проблемаларға кезігесің, оны біле алмайсың. Бірақ сен 
коммуникацияңды жөнге келтіріп, дайындық жасай аласың 
және отбасылық проблемалардан қорықпайтын боласың.


63
Мах
абб
аттың бес тілі
III БӨЛІМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет