I бөлім не үшін үйлену керек?



Pdf көрінісі
бет2/62
Дата30.01.2022
өлшемі1 Mb.
#24541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Ne ushin uilenu kerek x Daniyar Zhigitbek

Не үшін үйлену керек?
 
Әңгімені пәлсапалық ойдан бастайық. Не үшін 
үйлену керек? Бәрі «қашан үйленесің?», «үйленсей» деп 
мазаңды алғанда, сұрап көрші соны. «Не үшін үйленуім 
керек?» деп. Бұл сұраққа бас қатырмай, ой жүгіртпей 
үйлене салатындар да бар ғой. 
 
Бұл сұраққа әркім әр түрлі жауап беруі мүмкін. 
Бастысы сол жауап сенің өміріңді мәнді етсе болғаны. 
Сондай-ақ екінші жартың екеуіңнің жауаптарың бірдей 
болғаны да маңызды. Мысалы, діндар қыз бен діндар 
жігіт «Алланың разылығы үшін, өзімді зинадан қорғау 
үшін, пайғамбардың сүннетіне еру үшін үшін үйленгім 
келеді» деуі мүмкін. Мәселе емес. Екеуінің ниеті бір, «не 
үшін үйлену керек?» деген сұраққа беретін жауабы да бір. 
Демек, екеуі берік отбасын құра алады деген үлкен үміт бар. 
 
Енді бір жігіт «ата-анама қызмет ететін келін әпергім 
келеді» деуі мүмкін. Бірақ оған тұрмысқа шығатын қызда 
ондай ниет бола ма, болмай ма, белгісіз. Мүмкін ол бөлек 
тұрғысы келетін шығар? Жігіт ниетін анық айтуы керек 
өтірік «сүйем», «күйем» демей.
 
«Бақытты болу үшін үйлену керек» деуің мүмкін. 
Сонда үйленбесең, бақытсыз боп қаласың ба? Үйленбей 


8
Не үшін үйлену к
ерек?
I БӨЛІМ
тұрып бақытты болып алғаның дұрыс негізі. Үйлену тек 
сол бақытты еселей түседі. Ұзатылып бара жатқан қызға 
«бақытты болам деп емес, барған жерімді бақытты қылам 
деп ойла» деп жатады ғой. Өзінің бақытын ойламайтын 
адам басқаны бақытты ете ала ма? 
 
Бір-бірін сүйетін екі жастың «не үшін үйлену 
керек?» деген сұраққа жауабы дайын: махаббатын заңды 
некемен бекітіп, бірге болу үшін. Яғни, былайша айтқанда, 
біреу екінші жартысын тауып, содан кейін үйлену жайлы 
ойланады және біреу үйлену жайлы ойланған соң, екінші 
жартысын іздей бастайды. Айырмашылығын көріп тұрсың 
ба? 
 
Мынадай заңды сұрақ тууы мүмкін «Үйленбей-
ақ, бір-бірімізді сүйіп жүре берсек болмай ма?» деген. 
Бұл — жауапкершіліктен қашу. Ал үйлену екі тарапқа 
да жауапкершілік артады. Құқықтық, моральдық, діни, 
азаматтық жауапкершілік. Енді сен өзіңді ғана емес, 
екінші жартыңды да ойлайтын боласың, өзіңнің кейбір 
қалауларыңды шетке ысыра тұруыңа тура келеді. Сол 
тұрғыдан алғанда, үйленудің адамды тұлға ретінде 
тәрбиелеуде рөлі зор. Адам қай кезде есейеді? Өз өміріне 
жауапкершілікті өз қолына алғанда ғана есейеді. 
 
Не үшін үйлену керек? Белгілі бір жасқа жеткенде ер 
адамның да, әйел адамның да физиологиялық, жыныстық 
қажеттіліктері оянады. Енді оны қалай өтейді? Некесіз 
өтесең, әркіммен бір қосылып, бір ауру қыстырып алуың 
мүмкін. Ар тазалығы, тән тазалығы деген қасиетті ұғымдар 
тапталады. Адамның жыныстық қажеттіліктері адал неке 
аясында өтелуі керек деп ойлаймын. Адам уақытында 
үйленбесе, өтелмеген жыныстық қажеттіліктері ауруға 
ұласуы мүмкін. Мысалы, үйленбей жүрген жігіт ашық-


9
Не үшін үйлену к
ерек?
I БӨЛІМ
шашық қыздарды көргенде, шәһәуәті оянады. Ол жыныстық 
қатынасқа ұласпаған соң, өз-өзіне зиян келтіреді. Сол үшін 
пісіп жетілгенде әр адам уақытында үйленуі керек деп 
ойлаймын. Ал қанша жаста үйленген дұрыс, оны келесі 
жазбаларда айтам. 
 
Үйлену — тиімділікке (эффективность) жеткізеді. 
1+1=2 емес 1+1=11. Яғни, екі адам бас қосса, екеуі бірігіп 
әлдеқайда үлкен жетістіктерге жете алады. Жалғыз жүріп 
алысқа шаба алмайсың. Оның үстіне ер мен әйел бір-бірін 
керемет толықтырады. Үйленген соң, фокусың, энергияң 
шашырамайды. Себебі әркімді бір ойлап, «анау қалай 
қарады екен?», «анаған қалай ұнаймын?», «үйлену керек 
еді» деп бас қатырмайсың. Шешім қабылданып қойған. 
Жабылмай тұрған өмір дәптерінің бір бетін жауып қойдың. 
Енді оны ойламай келесі кезеңге өтесің. 
 
«Қазақтың санын көбейту үшін», «мұсылман 
үмметінің санын арттыру үшін» деген ниеттер де бар. 
Қайталап айтам, бұл сенің өміріңді мәнді етсе және екінші 
жартыңның ниеті де сондай болса, проблема жоқ. Алла 
ниетіңе жеткізсін! Бірде бір жігіт сұрап еді «сөйлесіп 
жүрген қызымның үйленуге деген ынтасын қалай оятам?» 
деп. Мен сонда әзілдеп «тойға апар» деп едім. Тойға 
барғанда ана атмосфераны көріп, қыздардың тұрмысқа 
шығуға деген мотивациясын артқаны байқаушы едім. 
Бірақ ол бір сәттік сезім ғана. Алданбау керек. Үйлену той 
көйлегін киім, тойдың төрінде отырумен асcоциация болып 
қалмауы керек.


10
Мах
абб
атпен үйлену к
ерек пе ә
лд
е есеппен бе?
I БӨЛІМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет