қаншалықты орынды/орынсыз?
Жауап: Орынды. Сіздікінен төмен болмаса, болды. Бұл көп
проблеманың алдын алар еді. Бірақ әлеуметтік жағдайы
әзір жақсы болмаса да, потенциалы бар, еті тірі жігіт болса,
бірден бас тартпаңыз. «Мейлі таз болса да, ақшасы аз
болса да, ер жігіттің көркі — ой мен сана» дегендей, басы
істейтін жігіт түбі әлеуметтік жағдайын реттеп алады.
Cұрақ: Жігіттерге үйлену үшін әрекет ету керек деп жатсыз
ғой. Ал қыздарға ше?
Жауап: Ақан Мергембай ағамыздың кеңесін тағы да
қайталап өтейін. Қыз өзі іздей алмайды. Сол үшін өзіне
қамқоршы табуы керек. Қамқоршы он сегіз жасар қызға
жігітті тануға, жиырма сегіз жасар қызға жігітті табуға
көмектеседі дегендей. Қамқоршы — әкеңіз, ағаңыз немесе
жақын ер туысқаныңыз, қала берді, ауыл имамы, қысқасы,
сізге жанашыр адам болуы керек. Қамқоршы болмаса,
қызға таңдау жасау қиын. Алданып қалмауы үшін де
қамқоршы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |