Тақырыбы: Эстетика, өнер, сөз өнері туралы негізгі



Pdf көрінісі
бет12/39
Дата02.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#24707
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
downloadPdfUmkd

                            

     7-дәріс. ТақырыбыЖанр түрлері. 

 

Мақсаты:  Жанр туралы  ой-пікірлерді саралап, жанрішілік, аралас жанр 



сипатын ашу 

 

1. Әдеби тек пен түр 



2. Жанр түрлері  

3. Жанрішілік және аралас жанр түрлері 

   

  Негізгі ұғымдар: жанр, тек пен түр, жанрішілік түр, аралас жанрлар, канон.  



 

Дәріс (тезис) 

Жанрлар. “Жанр” туралы түсінік. Жанрға қатысты “мазмұндық форма”  

 

Жанрға  байланысты  әдебиеттануда  орныққан  тұжырымдар.  Жанрлық 

белгілер,  жанрлық  алмасулар,  жанраралық  ықпалдастық.  Жанрдағы 

тұрақтылық пен құрылымдық ерекшеліктер 

 

Негізгі  ұғымдар:  жанр,  ықпалдастық,  жанраралық  түр,  әмбебаптық, 

лирика, эпика, драма, драматизм, лиризм, канон, постулат, эталон. 

 

Жанр – көркем шығарманың әр түрлі тегіне жататын тарихи тип. Ол әр дәуір 

мен әр бағыттағы туындыларға тән  типологиялық, тарихи жағынан тұрақты 

құбылыс.  

Ықпалдастық – бір жанр мен екінші жанр арасындағы өзара әсер, ықпал, бір-

біріне ұқсау.  



Жанраралық түр – бірнеше  жанрдың сапа-қасиетін бойына тоғыстыратын 

құбылыс. 



Әмбебаптық  –  жанрлардың  әр  көркем  туындыға  байланысты  жалпы, 

көпсапалы қасиеттері  




Эпика  –  оқиғаны,  тұрмыс,  табиғат,  адам  характерін  баяндау  сипатында 

беретін тектің  түрі.  



Лирика  –  ақынның  ішкі  әлемін,  өзіндік  «менді»  бейнелейтін,  оқиғасыз, 

субъективті тектің  түрі. 



Драма  –  кейіпкерлер  жүйесі  белгілі  бір  уақыт  пен  кеңістік  аясында  өзара 

тартысқа түсетін тектің  түрі.  



Драматизм  –  белгілі  бір  жанрдағы  шығарманың  өне  бойында  тартыс  пен 

қақтығыстың молынан көрініс табуы 



Лиризм  –  белгілі  бір  туындының  өне  бойында  әрекет-оқиғадан  гөрі  сезім-

күйдің, толғаныстың басым болуы  



Канон  -  қандай  да  бір  нормаларды  толық  жүзеге  асыратын  үлгі,  әрекеттің 

жүзеге асуының сәйкестілік нормасы 



Постулат - жанрлық канондардың нақты бір бейнелер (постулат) иеленуі. 

Эталон – белгілі бір бірегей құбылыстың бағалану өлшемі 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет