Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама
Студенттер көркем туындыдағы уақыт пен кеңістік мәселесін игеріп, мәтін
негізінде талдай алуға тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Майтанов Б.
2. Волков И.Ф. Творческие методы и художественные
системы. М., 1989.
3.Уэллек Р., Уоррен О. Теория литературы. М., 1978.
4.Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. А., 1997.
5.Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. А., 1992
10- дәріс. Тақырыбы:
Көркем мәтіннің құрылымы және интермәтінділік
теориясы
Мақсаты: Мәтін мен көркем шығарма, мәтіннің әдебиеттанушылық
сипатын ашу
1. Мәтін мен көркем туынды мәселесі
2.Мәтіннің әдебиеттанушылық сипаты
3.Мәтіннің құрылымы, мәтіннің баяндау тәсілі
4. Интермәтінділік теориясы
Негізгі ұғымдар:
Көркем мәтін, құрылымы, баяндау тәсілі, баяншы (субъект), эпизодтық
фабула, уақыт-кеңістік қатынасы.
“Мәтін” термині әдебиеттануда да кеңінен қолданылады. Бұл әдеби
шығарманың тілдік қыры, ол әдеби шығарманың заттық-бейнелілік
сипатымен (шығарма әлемі) және идеялық-мағыналық саласымен бірлікте
болады
Көркем мәтін - өзара ішкі байланыстары мол көпқабатты құбылыс. Әдеби
шығармада
сюжет
оқиғалардың
тізбегінен,
яғни
уақыт-кеңістік
қатынасындағы кейіпкерлерінің өмірінен, бір-бірімен алмасып отыратын
әрекет-жағдайлардан тұратыны белгілі. Онда берілген үлкенді-кішілі
әрекеттердің бірлігі сюжет, идея, кейіпкерлер арқылы қабысады. Автордың
толғамы әр түрлі ситуация ішінде шектеусіз көрініп отырады да, шығармадағы
оқиғалар уақыттан тыс, кешенді де сипат алады.
Интермәтін – бір мәтіннің өзге мәтінге кіруі, яғни, мәтіндердің
байланысы. Бұл ұғымды әдеби мәтінді көп дауысты құрылым ретінде,
мәтіндердің диалогы түрінде таныған М.Бахтиннің тұжырымын талдай келе
Ю.Кристева кіргізген. Кристева үшін мәтін дегеніміз мәтіндер мен
таңбалардың өрімі, өзге мәтіндердің өзгеріске түскен нұсқасы. Поэзиядағы
интермәтінділікті психологиялық-лирикалық құрылым негізінде таныту –
бүгінгі поэтикалық ізденістер нәтижесін, әдеби дамудағы тың бағыттарды,
дәстүр мен жаңашылдық диалектикасын зерделеу үшін аса қажет.
Интермәтінділікті кез келген мәтіннің екінші бір мәтінмен диалогқа түсу
қабілеті, «сөз бен мәтін тұрақты мағынаның бірлігі емес, түрлі мағыналардың
дәйексөздер мозаикасы және өнімдердің жинақталуы, алдыңғы мәтіндердің
трансформациясы түрінде қабылдау» [22,162] деп түсінеміз. Интермәтінділік
өзін арнаулы білім арқылы танымаса, шығу тегін екінің бірі біле бермейтін
жасырын микромәтіндердің алаңы ретінде көрсетеді.
Интермәтінділік терминін әдебиеттануға 1967 жылы француз
Достарыңызбен бөлісу: |