Тақырыбы: Эстетика, өнер, сөз өнері туралы негізгі



Pdf көрінісі
бет17/39
Дата02.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#24707
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
downloadPdfUmkd

 

 

                           9-дәріс.    Уақыт  пен  кеңістік,  сюжет  пен  композиция 

мәселесі   

  

 Мақсаты:    Қазіргі  көркем  туындыдағы  уақыт  пен  кеңістік  мәселесін,  оның 

жасалу тәсілдерін талдау  

 

1. Әдебиеттану ғылымында уақыт пен кеңістік (хронотоп) мәселесі 



4.  Фольклорлық және көркем уақыт 

5.  Роман жанрындағы  уақыт пен кеңістік байланысы 

   

  Негізгі ұғымдар: Хронотоп, фольклорлық уақыт, көркем уақыт, тарихи 



уақыт, эпикалық ракурс.  

Хронотоп  –  көркем  шығармадағы  уақыт-кеңістік  бірлігін  айқандайтын 

құрылымдық бірлік   

Авторлық уақыт – көркем шығармада автордың сюжет желісіне сәйкес әрекет-

оқиғаны берудегі мезеті. 

Кейіпкер кеңістігі – автордың сюжет арқылы көрсететін уақытқа сай суреттеу 

кеңістігі.  Одан  басқа  кейіпкердің  ой-санасы,  ішкі  ой  ағымы  арқылы  немесе 

жанама сюжет, түс көру, ой талқы арқылы туынды кеңістігі кеңейе береді.  

Мәтіннен  тыс  баяндау  –  бұл  сюжетке  жанама  элементтердің  кірістірілуі 

арқылы шығарма идеясының, сюжетінің кеңеюі.  

Көркем  әдебиет  белгілі  бір  дәуірдің,  уақыттың  аясында  пайда  болады. 

Сондықтан қоғамдық-әлеуметтік жағдайлардың өзгерісі, әрекет-оқиғалардың 

өтуі мен жылдамдығы көркем шығармаға да тән. Яғни,  әдеби шығармадағы 

қандай да бір көркемдік әлем де белгілі уақыт пен кеңістікте өтеді. Кеңістіктен 

тыс  өмір  сүретін  нәрсе  болмайды.  Кеңістік  те,  уақыт  та  бір-бірімен  үндесіп 

отырады. Ал, оны жазушы қалай көріп, таныды, оның байқаған әлемі  көркем 

туындыға  қалай  көшірілді  деген  мәселе  –  әдебиеттану  ғылымындағы  аса 

маңызды поблемалардың бірі.  

     Кеңістік  пен  уақыт  аралығында  үнемі  жалғасып  отыратын  күрделі 

байланыс  бар.  Автор  өткен  мен  бүгінді  бір  шығарманың  аясында 

тоғыстырады. Көркемдік кеңістік автор қиялында өзгеріп, жаңғырып, кеңейіп 

немесе тарылып  отырады да, бүтін бір құралым жасайды.   

   Автор  шығармашылық  иесі  ретінде  адамзатты  ойландырып,  тіршілігіне  із 

қалдырған  жайттарды  көркемдік  дүниетанымынан  өткізіп,  белгілі бір уақыт 

және кеңіс 

тікке сыйғызады.  

    «Көркем  әдебиеттің  адамдарды,  әлеуметтік  топтарды,  халықтарды 

байланыстыратын, бір-біріне жақындастыратын, ұрпақтарды жалғастыратын 

қасиеттері, қоғамдық әлеуеті бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды, өйткені 



сөз  өнері  –  қоғамдық  қарым-қатынастың  өте  белсенді  және  беделді  түрі. 

Идеялар  мен  сезімдер,  ниет  пен  ықылас  арқылы  көркемдік-эстетикалық 

ақпарат беріледі, таратылады және көпшіліктің игілігіне қызмет етеді. Әрине, 

әдебиеттің коммуникативтік қызметі бұлармен ғана шектеліп қалмайды» [40, 

6-б].  

       Қазіргі  қазақ  әдебиеті  барлық  жанры  жағынан  кемелденіп  өскен,  

дүниежүзілік

 

мәні  бар  әдебиетке  айналды.  Төңкеріске дейін,    негізінде,  ауыз 



әдебиеті ғана дамыса, бұл күнде прозаның да, драматургияның да, поэзияның 

да  үлгілі  туындылары  дүниеге  келді.  Әдебиеттану  ғылымы  мен  әдебиет 

сынының  да  жетістіктері  айырыша  мол.  Соның  ішінде  ұлттық 

әдебиеттанудағы  көркемдік  уақыт  пен  кеңістік  мәселесі  жайлы  зерттеу 

жүргізу,  келелі  пікірлер  келтіріп,  ой-тұжырымдар  жасау  –  өзектілердің 

қатарынан саналады. Әдебиет шығармасындағы уақыттың суреттелуі, зейінге 

алыну,  қабылдануының  өзгеше  сипат-ерекшелігін  түсіну  үшін  көркемдік 

уақыт пен кеңістік  деген ұғым бірте-бірте қалыптасып келеді.  

     Бұл проблема зерттеу нысанына XX ғасырдың бас кезінде алына бастады. 

Уақытты  субъективті  тұрғыда  қабылдау,  бақылаушының  көзқарасы 

тұрғысынан бұл осы дәуірдің ғылымы мен философиясына тән болғанымен, 

уақыт пен кеңістікке қатысты мәселенің алғышарты XVIII-XIX ғасырларда-ақ 

салына бастады. Алғаш П.А. Флоренскийдің («Анализ пространсвенности и 

времени в художественно-изобразительных произведениях»), М.М. Бахтиннің 

(«Автор и герой в эстетической деятельности») еңбектерінде кеңістік, уақыт, 

кейіпкердің мезгіл аясында уақытша көрінуі сияқты мәселелер қарастырылды. 

XX  ғасырдың  отызыншы  жылдары  М.  Бахтиннің  «Формы  времени  и 

хронотопа в романе» еңбегі жарық көреді. 

 Бұдан  кейін  уақыт  және 

кеңістік  мәселесі  поэтика  саласына  арналған  еңбектерде  (Д.С.Лихачев, 

Ю.М.Лотман,  М.И.Стеблин-Каменский,  В.Н.Топоров,  А.М.Пятигорский) 

біршама зерттеу назарына алынды. 

       Ғалымдар  бірқатар  әдеби  құбылыстарды  «хронотоп»  мәселесімен  тығыз 

байланыста зерттейді. Аталған тақырып екі тұрғыдан – кең және тар ұғымда 

қарастырылады. Негізінен бұл мәселе орыс ғалымы М.Бахтиннің еңбектерінде  

тереңірек      орын  алған.  Ғалым  ұсынған  теорияға  сүйенсек,  хронотоп, 

біріншіден,  кеңістік  пен  уақыттың  ажырамас  бірлігі  –нақты  өмірді 

бейнелейтін  және  әдебиет  игерген  мәселені  айғақтаушы,  екіншіден,  нақты 

шығармалардағы  көркемдік  әдіс  ретінде  тарихи  шарттылық  аясындағы 

кеңістік пен уақыт мәселесі тұрғысынан алынады. Яғни реалды уақыт – бұл 

уақыттың өмірдегі нақтылы қалпы. Реалды уақыт үздіксіз өтіп жатады  және 

үнемі алға, біркелкі жылжиды. Ал әдебиет шығармасында уақыттың жылжуы 

оқиғаның суреттелуіне байланысты бірде жедел, бірде баяу болып, кейде тіпті 

үзіліп кетіп отыруы ықтимал. Біздің сезінуімізде уақыт кейде ақырын, кейде 

жылдам  ауысқандай  болады.  Ал  тағы  бірде  уақиға  аяғынан  басталып 

баяндалса,  жазушы  уақытты  кейін  қарай  жылжытып  көрсетуі  де  мүмкін. 

Сонымен  әдеби  шығармада  автордың,  кейіпкерлердің,  оқырмандардың 

уақытты  қабылдау  ерекшеліктері  ескеріледі.  Көркемдік  уақыт  әдеби 

шығарманың танымдық мүмкіншіліктерін, әсерлілігін арттыра түседі.  



 

XX  ғасырдың  60  жылдарынан  басталған  өзгерістер  кезеңі  өмірде  де, 

өнерде  де  уақыт  және  кеңістік  категорияларының  күрделенуіне  әкеліп  қана 

қойған  жоқ,  сонымен  қатар  ол  ұғымдарды  жан-жақты  зерттеудің  де 

қажеттілігін  туғызды.  Бұл  жерде  бір  нәрсені  басты  назарда  ұстаған  жөн: 

қаламгердің  нақты  шындықты  бейнелеу  барысында  жүгінетін  уақыт  пен 

кеңістігі бар, сондай-ақ оның қиялында, көркемдік әлемінде салтанат құратын 

уақыт пен кеңістік ұғымдары бар.  

      Мұнда 

кеңістік  хронотоп  (мекеншақ)  категориясы  құрылымдық 

элементінің бірі болып табылады да, ол кеңістік-уақыт бірлігін құрайды.  

     Көркем  шығармадағы  кеңістік  пен  уақытты  зерттеуде  көптеген 

зерттеушілер негізінен мынадай түрлерін атайды: 

- Уақыт пен кеңістік фабуласы; 

- Сюжеттік уақыт пен кеңістік

- Авторлық уақыт пен кеңістік; 

- Кейіпкердің уақыты мен кеңістігі.  

   Осыларға жеке тоқталып көрейік. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет