концепциясы немесе автор образы ретінде композициялық-сюжеттік
ерекшеліктермен бірге қарастырылады.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап академик В.В.Виноградов көркем
әдебиетті зерттеу барысында автор мәселесін кеңінен қозғап, автор бейнесін
терең қарастыра бастаған. Автордың шығармаға қатысын “автор образы”
тұрғысынан қарастыруды ұсынды. “Автор образы – бұл ақынның
шығармашылығында жасалынған образдың басты бір ерекшелігі. Ол өз
биографиясының да көркем-бейнелілік элементтерін қамтып, жүзеге
асырады... Лирикалық “мен” – бұл автордың образы ғана емес, сонымен қатар
адамзаттық үлкен қоғамның өкілі” [9,113 б.].
Бұдан шығатын қорытынды: “автор образы” тек автордың өмірбаянына
ғана қатысты ұғым емес, автор өз биографиясына қатысты кейбір
“элементтерін” қамтығанмен, ол – толыққанды көркем құбылыс. Ақын немесе
жазушы өзі жазған көркем шығарманың мазмұны мен формасына, образдар
әлеміне сіңіп кеткен, принципті түрде ажырамайтын айрықша бітімдегі “өкілі”
немесе шығармашылық тұлға.
Көркем шығармадағы автордың шығармашылық тұлғасы жөнінде әртүрлі
пікірлер, ұсыныстар бар екенін Виноградов сол кезде байқаған: “Әрбір әдеби
мектеп өзінің манифесті мен жазушылық тәжірибесінде, әдетте, шығармадағы
жаңа ұғым “автор образының” табиғатына тоқталады... Сонымен бірге түрлі
әдеби бағыттарға және қилы дәуірлерде авторлық тұлғаның бір-біріне
үйлеспейтін басты белгілерін ұсынды” [10,133 б.].
Әртүрлі дәуірлерде әдебиет зерттеушілері көркем шығарманың
құрылысына тоқталу барысында авторға, автордың шығармашылық
тұлғасының “бір-біріне үйлеспейтін басты белгілеріне” мән беретіндігі және
әрқайсысы өзінше пікірлер ұсынатыны түсінікті. Себебі, автордың
шығармашылық тұлғасы көркем шығарманың тұтас өн-бойынан, ішкі
табиғатынан табыла отырып, дәуірдің дамуы мен адамның өзгерістеріне орай,
автор да өз тұлғасының түрлі “белгілерін” көркем шығармаға үйлестіріп
отыратынын түсінеміз.
Бұл туралы білікті зерттеуші М.М.Бахтин: “Әдеби шығарма авторы тек
тұтас шығармада ғана қатыса алады [присутствует] және осы тұтас дүниеден
бір сәтте бөлінбейді, бәрінен бұрын мазмұн тұтастығынан алшақ тұрған емес.
Ол мазмұн мен форманың құйылысып, ажырамас күйге айналған тұсынан
табылады. Әдебиеттануда авторды әрдайым тұтас мазмұннан іздейді, демек
оны белгілі бір уақыттағы, белгілі бір автобиографиялы, белгілі бір
дүниетанымды автор-адаммен үйлесімде алуға болады. Осыдан барып “автор
образы” нақты бір адамның образымен кірігіп [сливается] кетеді” [11, Б. 382-
383] деп қорытады.
Академик Виноградов пен Бахтинның автордың шығарма ішіндегі
табиғатына үңілудегі пікірлері де, өздері айтқандай, “үйлесіп” жатыр. Өйткені
Виноградовтың жоғарыдағы пікірінде айтылатын авторлық тұлғаның дәуір
мен қоғамның дамуына, белгілі бір әдеби бағыттардың пайда болуына
байланысты түрлі күйде көрініп, “бір-біріне үйлеспейтін басты белгілерін
ұсынатынына” мән берсек, Бахтинде авторлық тұлғаның “белгілі бір
уақыттағы, белгілі бір дүниетанымды адаммен үйлесімде” болатынына көңіл
қоямыз. Және автор Бахтинде де белгілі бір дәуірдің перзенті бола отырып,
сол дәуірмен үйлесіп, ал өзге бір дәуірдегі авторлық тұлғамен үйлесе
бермейтінін, сөйтіп әрқилы кезеңде түрлі авторлық тұлғаға тән үйлесе бермес
“басты белгілерін”, ерекшеліктерін танытатынына көз жеткіземіз.
Шындығында, автор өзінің жеке бейнесін емес, көркем шығарманы жазу
барысында әрқилы образдар жасай отырып, объективті өмірді, субъективті
сананы суреттеуге ұмтылады. Сол арқылы өзінің шығармашылық тұлғасын
айқындайды. Көптің, қоғамның, заманның келбетін қаншалықты дәрежеде
суреттей алды, өз позициясын қандай деңгейде жүзеге асыра алды, сомдаған
кейіпкерлері қаншалықты шынайы, көркем – міне, осындай сан түрлі
сауалдарға лайықты дәрежеде жауап беретін көркем шығармада ғана автордың
шығармашылық тұлғасы танылады.
Бахтин авторды әрдайым мазмұн тұтастығынан іздейді... “Ол мазмұн мен
форманың құйылысып, ажырамас күйге айналған тұсынан табылады” деуі де
сондықтан.
Автордың көркем шығармаға қатысы жайында Б.О.Корман өз еңбегінде:
“Автор сөзіне бүгінгі әдебиеттану ғылымында әр түрлі маңыз беріліп
қолданылады. Сондықтан бұл терминнің мазмұн-мәні туралы ескерте кеткен
орынды. Автор арқылы біз жазушының барлық немесе жинақталған
шығармаларының концепцияларын сақтаушы екенін түсінеміз. Авторға
бұлайша мән беру, оны нақты жазушыдан да, сондай-ақ авторды баяндаушы,
жеке-дара баяндаушы, әңгімеші, әңгімеші-қаһарман т.б. құбылыстардан бөліп,
шегін ажыратып береді. Жоғары мағыналы инстанция бола отырып, автор
шығармаға тура мағынасында енбейді. Ол үнемі сюжеттік-композициялық
форма құрамында жанама-субъект болып қала береді” [12,19 б.] деп нақтылай
түсіндіреді.
Бұл жерде де Корман автордың көркем шығармада тек “Жоғары
Достарыңызбен бөлісу: |