Тақырыбы: Эстетика, өнер, сөз өнері туралы негізгі



Pdf көрінісі
бет33/39
Дата02.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#24707
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
downloadPdfUmkd

мағыналы  инстанция”  бола  алатынына,  көркем  шығармаға  “тура 

мағынасында  енбейтіндігіне”,  яғни  автор  нақты  тікелей  өз  бейнесін  жасау 

үшін  енбейтін,  ол  “сюжеттік-композициялық  форма  құрамында”  басқа 

кейіпкерлер  мен  өзі  қатыспайтын  оқиғаларды  суреттеп,  бейнелейтін 



“жанама-субъект” 

екендігіне 

мән 

береді. 


Сондай-ақ 

автордың 

шығармашылық  тұлғасы  “мен  мұндалап”  ешуақытта  көрінбейтінін,  тек 



баяндаушы,  жеке-дара  баяндаушы,  әңгімеші,  әңгімеші-қаһарман  т.б.  секілді 

әдеби атаулармен аталғандығын түсінеміз.  

Дәл  осы  жерде  орыс  әдебиеттану  ғылымындағы  автордың  көркем 

шығармадағы  рөлін  формулалық  тізбекпен  айқындаған  ғалымдар  еңбегіне 

тоқталуға тура келеді. Онда автордың шығармашылық тұлғасы тұтас көркем 

шығарманың 

мазмұнынан, 

идеялық-эстетикалық 

позициясынан 

анықталатынына  ден  қоя  отырып,  автордың  көркем  шығармаға  қатысын 

Г.А.Гуковский  мынандай  формулалық  тізбекпен  түсіндіреді:  “автор  – 

баяндаушы – кейіпкер – оқырман”. Бұлардың көркем шығармада өзара тығыз 

байланыста  екеніне  мән  бере  отырып,  авторды  “бейнелеуші,  мазмұндаушы, 

баға  беруші,  түсіндіруші  және  шығармада  бейнеленген,  яғни  оқырманның 

көзіне  түсетіндей  етіп  таңдап  алынған  шындық  құбылыс  пен  қалыптасқан 

образдылық күші бар идеялық бағыттағы шығарма тудырушы” деп таниды. 

Авторды – шығармадағы таңдап алынған шындықты оқырманның көңілін 

аударатындай  ерекше  суреткерлікпен  суреттеуші,  оқиғаның  мазмұнын 

жеткізуші, әрі шығарманың идеялық бағытына баға беруші ретінде қарайды. 

Сөйтіп  авторды  баяндаушы,  кейіпкер,  оқырманнан  жоғары  тұратын, 

шығарманың  тыныс-тіршілігін,  тіпті  шығармадағы  барлық  құбылыстың 



басқарушысы сияқты қарайды. 

Осы тұрғыдан келген Гуковский де Корманның автор – “бүкіл шығармада 

айтылған  шындықты  біреудің  көзқарасымен  жеткізуші”    деген  пікірін 

нақтылай түседі. Өйткені автор шығармада суреттелген оқиғаларды үнемі өз 

атынан  баяндамайды.  Тіпті  “мен”  деген  бірінші  жақтан  баяндағанмен,  ол 

баяндаушы, әңгімелеуші, толғаушының атынан айтады. Нақты өз атын атап, 

түсін  түстемейді.  Себебі,  баяндаушының  [кейде  белгілі  бір  кейіпкер] 

сөздерінде,  іс-әрекетінде  автордың  ойы,  мақсаты  авторлық  позициясы 

тұрғысынан ықпал ете отырып, баяндаушының өзі қалаған, жеткізгісі келген 

ой мен идеясын жүзеге асырады. 

Автордың  шығармашылық  тұлғасы  дегенде,  оның  “автор  образы”  деген 

ұғымнан әлдеқайда терең мағыналы екеніне көңіл аударуға тиіспіз. Бұл туралы 

М.М.Бахтин “автор образы” деген ұғымда “нағыз автор образ бола алмайды, 

өйткені  ол  –  образға  толы  шығарманың  барлық  образдарын  тудырушы. 

Сондықтан  да  аталып  жүрген  “автор  образы”  белгілі  бір  шығармадағы 

образдардың бірі ғана болуы мүмкін [рас, ерекше текті образ [образы особого 

рода]]” деп ой толғайды.  

Оның  “автор  образы”  деген  мәселеге  “ерекше  текті образ”  тұрғысынан 

аса  сақтықпен,  тіпті  “образдардың  бірі  ғана  болуы  мүмкін”  деп  шектеулі 

қарауында да үлкен мән бар. Өйткені тұтас шығарманың ішкі табиғатындағы 

бүкіл образдар әлемін жасап отырған автор-тудырушыны жеке образ деп айту 

жеткіліксіз.  Бұл  жоғарыдағы  ойын  М.М.Бахтин:  “...Автор-тудырушы  өзі 

шығарған  ортасында  [сфера]  өзін  тудырмайды.  Тудырушыны  біз  тек  қана 

оның  тудырған  дүниесінен  көреміз,  ол  одан  тыс  таныла  алмайды”    деп 

түйіндейді. Оның бұл түйініне біз де табан тірейміз.  

Бұл жерде Бахтин автор образынан гөрі, оның шығарманы жасап шығарған 

авторлық  тұлғасына  мән  береді.  Виноградов  айтатын  “автор  образы”  емес, 



көркем  шығармадағы  белгілі  бір  образдан  авторды  іздеуден  гөрі,  автордың 

табиғатындағы көркем шығармаға тікелей қатысты “тұлға” күйіне мән беруді 

қалайды. Бахтинның “Тұлғаның өзін қоршаған ортасы мен айналасынан басқа, 

өзіндік ой-өресі де бар” деген тұжырымына ой салсақ, “өзіндік ой-өресі бар” 

тұлға  қандай  жағдайда  да  “образ”  бола  алмаса  керек.  Ол  автордың 

шығармашылық тұлғасы ретінде ғана танылмақ. 

Ал  “автор  образы”  деген  мәселеге  терең  барласақ,  Бахтин  айтқандай 

“ерекше текті образ” екенін түйсіне отырып, оны көркем шығармадағы басқа 

образдармен шатастырып алмауды аңғаруымыз керек. Виноградовтың өзі де 

бұл мәселеге деген көзқарасын былай қорытады: “Автор образы  – жай ғана 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет