4-тапсырма. Тапсырма сипаттамасы: • Ғылыми білім саласы: Физикалық жүйелер
• Құзіреттілік: ғылыми жаратылыстану зерттеуінің негізгі
ерекшеліктерін түсіну
• Мәнмәтін (контекст): жеке
• Танымдық деңгейі: жоғары
• Ғылыми білім түрі: процедуралық (рәсімдік) білім
• Жауап формасы: толық жауап
Дәулет тәжірибе жасап көрді. Басында ол бір стаканға 200г су
құйды және дәл осындай екінші стаканға 200г сұйық күнбағыс
майын құйды. Екі стаканды да мұздатқышқа бірнеше сағатқа қойып,
кейін температураларын өлшегенде екеуі де 4
0
С болғанын көрді.
Бұдан кейін екі бірдей термосқа су мен майды құйып, жақсылап
тығындап жауып, ауа температурасы 25
0
С болатын ас үйге
қалдырды. 6 сағаттан кейін термосты ашып, май мен судың
температураларын өлшеді.
Тапсырма: Дәулет өз тәжірибесі арқылы қандай гипотезаны
тексергісі келді? Жауабыңызды жазыңыз:
__________________________________________________________
__________________________________________________________
____________________________________________________