129
Айшаның әкесінің Айшаның самокатынан дөңгелегі біршама
үлкен самокаты бар. Айшаның самокатының дөңгелегінің
диаметрі- 10см, ал әкенің самокатының дөңгелегінің диаметрі - 30
см (суретті қараңыз)
Суреттің астында көрсетілгендей
тегіс емес жол бетінде қай
самокат жақсы жүреді? Кедір
бұдырлардың мөлшері
самокаттардың дөңгелектерімен бірдей масштабта көрсетілген.
Осы біркелкі емес жолмен жүруге ыңғайлы самокатты
таңдаңыз және өз таңдауыңызды түсіндіріңіз.
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________
Бағалау жүйесі
Балл
Критерий мазмұны
2
Әкесінің самокаты таңдалды (дөңгелегінің диаметрі
үлкен) және түсініктемеде кішкентай дөңгелек әр
ойысқа түседі, ал үлкен дөңгелек кедір-бұдырлар
ойысының түспей, шұңқырлардың көтерілген
жерлерінен басатыны айтылады. Түсініктеме басқа
сөзбен берілуі мүмкін, бірақ осы ой айтылуы керек.
1
Әкесінің самокаты таңдалды, түсіндірмеде тек
самокаттардың біреуі туралы ғана айтылады,
салыстырмалы талдауы жоқ.
0
Айшаның самокаты таңдалды немесе әкесінің
самокаты таңдалған, бірақ түсініктеме берілмеген
немесе түсініктемесі дұрыс емес.