67
2-тапсырма.
Тапсырма сипаттамасы:
• Ғылыми білім саласы: Тірі жүйелер
• Құзіреттілік: құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру
• Мәнмәтін (контекст): жергілікті
• Танымдық деңгейі: жоғары
• Ғылыми білім түрі: процедуралық (рәсімдік) білім
• Жауап формасы: толық жауап (мәтін, сурет түрінде)
Тапсырма: Кестедегі деректерге сүйене отырып, құстардың
қайсысының дене массасы үлкен, қайсысынікі кіші екендігін
болжаңыз. Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Дене массасы кіші құс:
_____________________________________________
Себебі:
________________________________________________________
Дене массасы үлкен құс:
____________________________________________
Себебі:
________________________________________________________
___
Бағалау жүйесі
Балл
Критерий мазмұны
2
Сарыбас шөженің дене массасы кіші, сайрақтың дене
массасы үлкен екендігі айтылады. Кішкентай құс
салыстырмалы түрде көп энергия жұмсайтын
болғандықтан көп қоректі қажет ететіндігі немесе
жүрек соғысының жиі болуынан зат алмасуының
жылдам жүруімен байланыстырылады.
1
Сарыбас шөженің дене массасы кіші, сайрақтың дене
массасы үлкен екендігі айтылады, бірақ түсіндірмесі
жоқ немесе түсіндірмесі дұрыс емес.
0
Басқа жауаптар
Достарыңызбен бөлісу: