«Күн панельдері» 2-тапсырма. Тапсырма сипаттамасы:
• Ғылыми білім саласы: Жер және ғарыш жүйелері
• Кұзіреттілік : Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру
• Мәнмәтін/ контекст/: жеке , табиғи ресурстар
• Танымдық деңгей: орташа
• Ғылыми білім түрі : мазмұндық
• Жауап формасы: Бірнеше дұрыс жауапты таңдайтын тапсырма
Тапсырма: Күн батареяларынан алынатын электр қуаты көбінесе
«экологиялық таза энергия» деп аталады.
Неліктен күн батареялары өндіретін электр қуаты экологиялық
таза деп аталады?
Барлық дұрыс жауаптарды көрсетіңіз.
Күн батареяларын (панельдер) өндіруде мұнай, газ және көмір
сияқты қазба отындары қолданылмайды.
Күн батареяларынан электр энергиясын алу кезінде атмосфераға
зиянды заттар бөлінбейді.
Күн батареяларынан электр энергиясын алу- жер қойнауындағы
мұнай мен газ қорларын үнемдейді.
Күн батареяларын пайдалану электр, көмір, мұнай және газды
қолданатын электр станцияларына қарағанда көбірек электр
энергиясын алуға мүмкіндік береді.
Күн электр станциялары қуаттылығы бірдей жылу электр
станцияларына қарағанда аз көлемді аумақты алады
Бағалау
106
Балл
Бағалау критерииі
1
Күн батареяларынан электр энергиясын алу кезінде
атмосфераға зиянды заттар бөлінбейді
Күн батареяларынан электр энергиясын алу- жер
қойнауындағы мұнай мен газ қорларын үнемдейді.
Басқа жауап жоқ
0
Басқа жауаптар