«Күн панельдері» 5-тапсырма.
Тапсырма сипаттамасы:
• Ғылыми білім саласы: Жер және ғарыш жүйелері
• Кұзіреттілік : Қорытынды тұжырым жасау үшін деректерді
түсіндіру және ғылыми дәлелдерді қолдану
• Мәнмәтін/ контекст/: ғаламдық , табиғи ресурстар
• Танымдық деңгей: жоғары
• Ғылыми білім түрі : мазмұндық
• Жауап формасы: Толық жауап
Тапсырма: Күн батареяларының жұмысының тиімділігі жер
бетіндегі ауа температурасы және күннің көкжиектен әр түрлі
биіктікте орналасуының байланысты. Суретте жер бетіне әр түрлі
бұрышпен түскен күн сәулелері көрсетілген.
109
Жоғарыдағы суретке сүйене отырып, орта ендіктердің қыста жазға
қарағанда неге әлдеқайда суық болатындығын түсіндіріңіз.
Жауабыңызды
жазыңыз_________________________________________________
________________________________________________________
__________________________________________
Бағалау
Балл
Бағалау критерииі
2
Сәулелер қиғаш түскен кезде (қыста), олардың
энергиясы үлкен аумаққа бөлінеді, ал тігінен түскенде
(жазда) сол энергия кішігірім аймаққа таралады.
Демек, бұл аймақ көбірек қызады.
1
Қыста сәулелердің қиғаш түсуіне байланысты жер беті
жаздағыға қарағанда аз қызады.
НЕМЕСЕ
Жер бетінің қызуы күн сәулесінің түсу бұрышына
байланысты.
0
Басқа жауаптар, соның ішінде: «Қыста Күн
көкжиектен төмен, сондықтан суық болады»
110
4.Құбылыстар
Достарыңызбен бөлісу: |