Тапсырма. Картографиялық декеркөздерді талдау арқылы туған өлкенің
аумақтық құрылымын зерделеу (зерттеушілік жоба).
Мақсаты: туған өлкенің аумақтық құрылымын зерделеу.
Қаланың/ауылдың жекелеген бөліктері атқаратын шартты қызметтерінің
айырмашылығын,
өзара
қарым-қатынасын
анықтау.
Өнеркәсіптік
кәсіпорындардың, ішкі көліктің, өлкенің автомобиль және темір жол
торабының орналасу жүйесін және олардың өлкенің экономикасына тигізетін
әсерін сипаттау. Қаланың/ауылдың орналасуының жоспарлану тиімділігі
туралы, яғни өнеркәсіп, тұрғын, рекреациялық аймақтардың орналастырылуына
(географиялық, экономикалық, экологиялық тұрғыдан) қорытынды жасау.
Экономикалық және экологиялық жағдайды ескере отырып, қаланың/ауылдың
жоспарлануы бойынша өз жобасын ұсыну.
Тапсырма. Тақырыбы: «Жер – біз өмір сүретін ғаламшар».
Мақсаты: көппәндік іс-әрекет қабілеттерін қалыптастыру.
Жоба бір сабақтың көлемінде орындалады. Мұғалім сабаққа қажетті оқу
әдебиетін, құрал-жабдықтарды әзірлейді, сынып бөлмесін бірнеше жұмыс
аймағына бөледі: жұмыс зонасы (оқушы үстелінде қалам-қарындаштар,
сызғыштар, түсті қарындаштар т.б.); ақпарат зонасы (мұғалім дайындаған
әдебиеттер, альбомдар т.б.); компьютерлік зона; жобаны қорғау зонасы
(магниттік тақта, мультимедиалық проектор, тақта) және мұғалім оқушыларды
аталған аймақтармен таныстырады.
Тапсырма. Жер туралы хабарлама әзірлеу.
Оқушылар Жердің ғажайып жамылғысы өсімдіктер мен жануарлар туралы;
Жер халқы, олардың салт-дәстүрлері туралы; Жердегі материктер, мұхиттар,
теңіздер туралы, климаты туралы немесе өздері таңдаған тақырып бойынша
хабарлама әзірлейді. Жобаның нәтижесін плакат немесе компьютерде
әзірленген презентация түрінде ұсынуға болады.
Тапсырманы орындау бойынша кеңестер:
-
топта тақырыпты таңдаңдар және жобаның қорытындысын ұсыну түрін
талқылаңдар;
-
жұмыстың орындалу жоспарын талқылаңдар және құрастырыңдар. Топ
мүшелері арасында жұмыс бойынша міндеттерді бөліңдер;
-
жұмысты 20 минутта орындайтындай жағдай жасаңдар;
-
жинақталған материалды жүйеге келтіріңдер, қажеттілерін іріктеңдер;
18
-
нәтиже шығарыңдар;
-
сыныптың алдында жобаны қорғағанда нақты, қысқа сөйлеңдер.
Тапсырма. «Топырақтың қышқылдығын анықтау».
Мақсаты: топырақтың қышқылдығын анықтау жолдарымен танысу.
Практикалық жұмыс.
1.
Үлескінің бірнеше жерінен топырақ сынамасын алу. Сынаманы
полиэтилен пленканың үстінде жақсылап араластыру. Қоспадан кішкене бөлігін
алып, тазартылған сумен суландыру. Бұл қоспаға лакмус қағазды салу.
Жұмыстың нәтижесі: егер қағаз қызыл түске боялса, онда топырақ жоғары
қышқылды болғаны, ал егер қызғылт түске боялса топырақ орташа
қышқылданған. Төмен (аз) қышқылды топырақ сары түс береді. Көк түске
боялса бейтарап (орташа) қышқылды топырақ болғаны. Көкшіл жасыл түске
боялса орташа қышқылдыға жуық топырақ [5].
2.
Жергілікті жерде өсетін өсімдіктерге қарап топырақтың қышқылдығын
анықтау. Өйткені табиғи ортада өсетін өсімдіктер өздеріне қажетті қышқылды
топырақта жақсы өседі.
Мысалы, қышқыл топырақта келесі өсімдіктер өседі: аршагүл, қазанақ,
қияқ, аққылтан, сарғалдақ, бөденешөп, дала жалбызы, қырықжапырақ,
жолжелкен, майдашөп, ат қымыздығы, дала қырықбуыны. Төмен (аз)
қышқылды топырақта: бақша сарықалуені, дала гүлкекіресі, шалғын бедесі,
есекқұрт, қалақай, иіссіз түймедақ, алабота, қоңырбас, бидайық өседі. Бейтарап
(орташа) қышқылды топырақта: дала шырмауығы, көктемгі жанаргүл, ақ
түйежоңышқа, бақша қалуені кездеседі. Сілтілі топырақта: дала қышасы,
тегеурінгүл, көкнәр өседі. Жұмыстың бұл түрі балаларды байқағыштыққа, өлке
аумағында өсетін өсімдік түрлерін танып-білуге баулиды.
Әр түрлі тәжірибелер өткізу арқылы өлкенің топырағымен танысудың,
зерттеудің қорытынды мақсаты – морфологиялық белгілердің негізінде
топыраққа шаруашылық баға беру.
Тапсырма. Амазонка аймағын игеру (рөлдік ойындар арқылы орындалатын
жобалық тапсырма).
Сыныпты топтарға бөлу:
-
тропиктік ормандар мекемесінің қызметкерлері (бірнеше топ болуы
мүмкін);
-
халықаралық Гринпис ұйымының мүшелері;
-
журналистер.
Тропиктік ормандар мекемесі қызметкерлерінің міндеті қосымша
картографиялық және әдебиеттік ақпарат көздерінен Амазонка аймағын
игерудің жобасын ұсыну. Жоба кесте, жоспар, сызбанұсқа түрінде
болуы мүмкін.
Халықаралық Гринпис ұйымының мүшелері ұсынылған жобалардың
ішінен неғұрлым жақсыларын таңдап алулары тиіс.
Журналистер жоба жасаушылармен сұхбаттасулары тиіс.
Жоба: Амазонка аймағының физикалық-географиялық жағдайы, климаты,
өсімдік және жануарлар дүниесі және игеру жоспары бөлімдеріне бөлінуі
мүмкін [6].
19
Тапсырма. Ла-Манш бұғазының астынан тоннель қазу туралы келісімге
1986 жылы қол қойылды, Еуротоннель қолданысқа 1994 жылы берілді.
Параллель салынған екі темір жолдың ұзындығы 51 км, сонымен қатар бұл
темір жолдың 39 км судың астында орналасқан. Қазіргі кезде жүрдек поездар
Лондон мен Париждің арасын 2 сағат 15 минутта жүріп өтеді. Сонымен қатар
Ла-Манштың (судың) астынан өту 30-35 минут уақытты алады.
Берілген деректерді қолдана отырып Лондоннан Парижге саяхат жасау
жобасын жасаңдар.
Тапсырма. Ағаш құрғақ болған жағдайда, оның орташа тығыздық мәні
кг/м
3
есептеледі (7-кесте).
7-
кесте – Ағаштардың тығыздығы
Достарыңызбен бөлісу: |