Естественнонаучного цикла методическое пособие


Бетон зауытын салуда ескеріледі



Pdf көрінісі
бет12/80
Дата08.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#25000
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80
Байланысты:
1457669972239 (1)

Бетон зауытын салуда ескеріледі  
СЭС салу барысында ескеріледі  

 
 

 
 

 
 

 
 
Әрбір оқушы өз мысалдарын дәлелдеп, қорғаулары тиіс  
22 


 
 
 
2-
сурет – Білезік өзені  
 
Жобаның қорытындысын шығару:  
1. 
Аталған нысандардың салынуының ауданға тиімділігі (1 мысал келтір).  
2. 
Қандай негізгі екі мәселені шешеді?  
3. Қоршаған ортаға әсері (пайдалы және зиянды) (дәлел келтір).  
Тапсырма.  Шығыс  Қазақстан  облысы  Күршім  ауданы  Урунхайка  ауылы 
Оңтүстік  Алтайдың  беткейлеріндегі  сұлу  табиғаттың  арасында  орналасақан 
ауылдың  бірі  болып  табылады.  Ауылдың  шығысында  Сорвенский  белок 
тауымен, ал батысы болса Марқакөл көлімен шектеседі.  
1)  Ауылдың  орналасқан  жеріне  физикалық-географиялық  сипаттама 
беріңдер.  
Аудан орталығынан 280 км қашықтықта орналасқан, ауылға дейін тас жол 
салынбаған.  Ауылдың  маңайында  егіншілік  және  мал  жаятын  шабындық 
жерлер мүлде кездеспейді.  
2) Себебін анықтаңдар, өз ойларыңды дәлелдеңдер.  
3)  Табиғи  мүмкіншілікті  ескере  отырып  шаруашылықтың  дамытуға 
болатын  түріне  мысал  келтіріңдер,  дәлелдеңдер.  Шаруашылықты 
орналастырудың сызбанұсқасын жасаңдар.  
4) Ұсынған шаруашылық түрінің Марқакөл мемлекеттік қорығына зиянды 
әсер етпеу жолдарын ұсыныңдар.  
Сонымен қатар Урынхайка ауылы бойынша келесідей тапсырмалар беруге 
болады:  
1) Урунхайка атауының пайда болу тарихы.  
2) Урунхайканың қызық жерлеріне саяхат (метеостанция, австрия жолы).  
3) Өскеменнен Урунхайкаға саяхат маршруты және т.б.  
Тапсырма. «Ғаламдық жылыну».  
23 


Гамбия  Африканың  батысындағы  тропиктік  белдеуде  орналасқан  шағын 
мемлекеттің бірі. Елдің астанасы Банжул қаласы болса, ал елдің шығысындағы 
Джовара  қаласы  тұрғындарының  көпшілігі  ауыл  шаруашылығымен 
айналысады (3-сурет).  
Джовара  қаласының  бұрынғы  тұрғыны  Елхаджи  күн  көру  үшін  елдің 
астанасы  Банжул  қаласына  келіп,  ақша  табу  жолында  көшеде  аяқ  киім 
тазалаумен айналысты.  
 
 
3-
сурет – Гамбияның картасы  
 
1) 
Джовара қаласы мен ғаламдық жылынудың арасында қандай байланыс 
бар? Байланыстың бар/жоғын дәлелдеу.  
2) 
Елхаджи  Банжул  қаласына  келіп  күн  көру  үшін  аяқ  киім  тазалаумен 
айналысты.  Оның  осы  қалаға  келіп  жұмыс  істеуі  мен  ғаламдық  жылыну 
үрдісінің арасында байланыс бар ма? Байланыстың бар/жоғын дәлелдеу.  
3) 
Берілген  картаны  қолдана  отырып  Банжул  қаласымен  Джовара 
қаласының ара қашықтығын есепте (4-сурет).  
 
 
 
4-
сурет – Банжул және Джовара қалаларының арақашықтығы  
 
4)  Әр  түрлі  ақпарат  көздерін  пайдаланып  Банжул  қаласынан  Джовара 
қаласына  ауызша  саяхат  жасау.  Саяхат  барысында  жолда  кездесетін  табиғат 
нысандарына сипаттама беру.  
Ақмола  облысы  Ерейментау  қаласы  №2  мектеп-лицейінің  «География» 
пәні  мұғалімі  Төленова  Алма  Боташевна  әдеби  сипаттама  негізінде 
шығарманың  картографиясын  жасау  (шығармашылық  жоба)  тапсырмасының 
24 


үлгісін  ұсынады.  Бұл  тапсырмада  жаратылыстану  циклы  пәндерінің  тығыз 
байланысы  көрсетілген,  сонымен  қатар  әдебиетпен,  тарихпен,  биологиямен, 
химиямен, технологиямен байланыстырған.  
Сыныпты  алты  топқа  бөлемін.  Әр  топқа  ертегіден  үзінді  және  ертегі 
бөліміне  байланысты  тапсырма,  сұрақтар  беремін.  Оқушылар  топта 
тапсырманы  талқылайды,  ұсынылған  әдебиеттерден  қажетті  материалдарды 
іздейді. Өз жобаларын жасайды және сыныптың алдында қорғайды.  
 
Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай ертегісі.  
 
1-
топқа  
Осы  арадан  бір-екі  күндік  жерде  тамырын  кессең  қан  шықпайтын,  кеудесін 
тессең, жан шықпайтын Шықбермес Шығайбай деген бір сараң бай тұрады деп 
естиді Алдар Көсе. Ол өзі, басқа, көлденең көк атты түгілі, кұдайы қонағының 
өзіне қара су татырмайды екен.  
Тапсырма.  Алдар  Көсенің  және  Шықбермес  Шығайбайдың  ауылдарына  өзіңе 
ұнаған  атау  бер.  Алдардың  ауылынан  байдың  ауылына  барар  жолдың 
жоспарын  құрастыр  (азимутты,  масштабты,  шартты  белгілерді  пайдаланып, 
жоспарды өз ойларыңнан құрастырыңнан).  
 
2-
топқа  
Татырмай көрсін ол маған! – дейді Алдар Көсе әйгілі сараң туралы әңгімеден 
кейін. – Татырмай көрсін!
 
Аты жоқ Алдар арып-ашып, азып-тозып, екі күндік 
жерді бір апта жүріп, Шықбермес Шығайбайдың аулына да жетеді.  
Тапсырма.  Алдардың  жүрген  жолында  кездескен  нысандарды  сипатта  (өз 
ойларыңнан құрастырған жоспар бойынша).  
 
3-
топқа  
Аты  жоқ  Алдар  арып-ашып,  азып-тозып,  екі  күндік  жерді  бір  апта  жүріп, 
Шықбермес  Шығайбайдың  аулына  да  жетеді.  Кім  келіп,  кім  кетіп  жатқанын 
мүлт  жібермей  бақылап  отыру  үшін  есігін  жолға  қаратып,  киіз  үйін  төбенің 
басына тіккен. Алдар Көсе үйдің сыртымен жағалап, көрінбей келеді. Сараң бай 
үйінің  сыртына  қамыс  төсеп  тастапты.  Аяқ  бассаң,  сықырлап,  хабар  береді. 
Алдар оның бәрін бір-бірлеп жинап, былайырақ шығарып тастады да киіз үйдің 
тесігінен сығалады.  
Тапсырма.  Шықбермес  Шығайбай  ауылының  маңайының  табиғатын  сипатта 
(өз ойларыңнан шығарыңдар жер бедері, өзен-көлдер, орман т.б.). 
 
4-
топқа  
Шығайбайдың өзі шұжық жасап, әйелі құстың жүнін жұлып, күңі үйіткен басты 
тазалап отыр екен.  
– 
Ассалаумағалайкуум! – деп Алдар оқыста кіріп келді. Сала құлаш шұжық та, 
жүні жұлынған жабайы қаз да, үйітілген қой басы да қас пен көздің арасында 
ғайып болды Алдар Көсе түк байқамағансып, төрге озды. Хош келдіңіз, Алдар-
25 


еке! Жоғарылаңыз! Бір ескертіп айтайын: бұл үйде тіске басар, өзек жалғар түк 
жоқ! Өзіміз де аш отырмыз!  
– 
Оқасы  жоқ!  Маған  сіздің  тамағыңыз  емес,  қабағыңыз  қымбат!  Соны 
түсінсеңіз болғаны!  
Тапсырма. Шұжық жасау жолдарын ұсыныңдар.  
Құстың жүнін жұлудың жеңіл, оңтайлы жолдарын әзірлеңдер.  
Құстың жүнін тұрмыста қолдану жолдарын ұсыныңдар (қандай заттар жасауға 
болады).  
 
5-
топқа  
Естігеннің бәрі рас бола бермейді. Көргеніңізді айтыңыз:  
– 
Көргенімді айтсам: келе жатып, жолда бір жыланға жолықтым. Мені көрді де, 
сіздің астыңыздағы шұжықтай шеңбер жасап, оратыла қалды. Мен оны сіздің 
ана күңіңіз басып отырған қой басындай үлкен қара таспен былш еткіздім. Ол 
сонда  сіздің  қызыңыз  етегімен  жауып  отырған  еттің  нанындай  жалпиып  сала 
берді. Егер өтірік айтсам, құдай мені сіздің бәйбішеңіздің бөксесіндегі жабайы 
қаздай жүнімді жұлып, жалаңаштап сойсын!  
Тапсырма. Жыланның түрлері, өмір сүру ортасы, пайдасы мен зияны. Малдың 
басын  қалай  үйітеді  және  малдың  басынан  қандай  тағамдар  дайындауға 
болады?  
 
6-
топқа  
Ашуы  бетіне  шауып,  шиқандай  боп  қызарған  Шықбермес  Шығайбай 
жанбасына  басып  отырған  сала  құлаш  шұжықты  қайнап  жатқан  қазанға 
лақтырып кеп жібереді. Бәйбішесі жүні жұлынған жабайы қазды, күңі қойдың 
үйітілген басын әлгі қазанға қоса лақтырады да бәрі бір ауыздан:  
– 
Қайна қазан бес ай! – деп дауыстайды. Алдар да етігін шешіп:  
– 
Отырайын он ай! – деп жайғаса бастайды.  
Тапсырма. Еттің пайдасы мен зиянын анықта.  
Ет пісіру жолдарын ұсын (ет қанша уақыт піседі).  
 
Әр топ өзінің жобасының нәтижесін плакатта рәсімдеу немесе презентация 
жасау арқылы қорғайды.  
Топтардың  бір-біріне  сұрақ  қоюын  бағалайтынымды  ескертемін.  Сұрақ 
нақты болуы тиіс.  
Зерттеу жұмыстары кез келген пәннен және сабақтың барлық кезеңдерінде 
жүргізілуі мүмкін. Жобалық тапсырма беру кезінде балалардың жас ерекшелігі 
міндетті  түрде  ескірілуі  тиіс,  зерттеу  тәсілі  бастауыш  сыныпта  қарапайым 
тапсырмалар орындау арқылы басталып негізгі орта білім деңгейінде неғұрлым 
тереңдетілуі 
тиіс. 
Жоғары 
сыныптарда 
жобалық 
тапсырмаларға 
шығармашылық тәуелсіздік беріліп нақты жұмыстармен айналысуға мүмкіндік 
беру қажет.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет