Естественнонаучного цикла методическое пособие



Pdf көрінісі
бет15/80
Дата08.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#25000
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80
Байланысты:
1457669972239 (1)

Тапсырма. «Құстар».  
Құстардың дене пішіні сүйір болып келгендіктен, ұшу барысында олар ауа 
қозғалысының сәл ғана кедергісіне ұшырайды. Құстардың бас сүйегі де әдетте 
сүйір, тұмсықтары үшкір болып келеді. Мамықтар құс қанатының үсті жылтыр 
болуын қамтамасыз ететіндей болып орналасқан. Құйрығы қысқа, қарсылықты 
азайтады  және  ептілікті  ұлғайтады.  Ұшу  барысында  құстың  аяқтары  денесіне 
қысылып тұрады.  
Дене  пішіні  сүйірлілігін  адам  өзінің  қандай  тәжірибесі  саласында 
қолданады? Дене пішіні сүйірлілігін қолдану жобаларын ұсыныңдар.  
Тапсырма. «Семсер-балық».  
Семсер-балық теңіз жүзушілерінің арасында жылдамдығы жағынан рекорд 
қоюшы  болып  саналады.  Оның  жылдамдығы  сағатына  110-140  км-ге  дейін 
жетеді, ал оның семсері кеменің еменді қаптамасын тесіп өте алады. Ал семсер-
балықтың  өзі  бұл  соққыдан  ешқандай  да  зардап  шекпейді.  Өйткені  оның 
басында  семсері  басталатын  жерде  бал  арасының  ұясына  ұқсас  майға  толы 
үлкен  емес  қуыстар  –  гидравликалық  амортизатор  бар  екен.  Міне  солар 
соққыны жеңілдетіп отырады. Семсер-балықтың омыртқаларының арасындағы 
шеміршекті  төсемдер  қалың,  олар  поезд  вагондарының  буферлері  іспетті 
соққыны азайтып отырады.  
Семсер-балықтың  аталған  сапаларын  адамның  өмірлік  тәжірибесінде 
қолдану  жолдардарын  ұсыныңдар.  Дәлелдемелерді  сызбанұсқалар,  суреттер 
арқылы көрсетіңдер.  
Ақмола облысы Степногорск қаласы Ақсу кенті №2 орта мектебі биология 
пәнінің мұғалімі Жұмадилова Бақтыгүл Маратқызы «Майонез» тақырыбындағы 
жобалық тапсырманы ұсынады.  
Тапсырма. Біз ұнататын – майонез.  
Қысқаша ақпарат: майонез – өсімдік майы, жұмыртқаның сары уызы, тұз, 
сірке  немесе  лимон  қышқылы,  қант,  қыша  және  т.б.  дәмдеуіштердің 
қоспасынан жасалатын тұздық (соус) түрі. 
 
Сынып  тақтасының  алдында  үстелде  әртүрлі  әдебиеттер,  журналдар 
(уақытты  үнемдеу  мақсатында,  майонез  туралы  ақпарат  бар беттер  стикермен 
белгіленген), майонездің бос қорапшалары.  
Сыныпты бірнеше топқа бөлемін. Әр топқа жеке-жеке тапсырма беремін. 
Оқушылар  жобалық  тапсырманы  орындамас  бұрын,  жұмыс  жоспарын 
құрастырулары  тиіс.  Жұмыстың  нәтижесін  ватман  қағазға  жазылған  нәтиже 
түрінде ұсынады. Әр топтан бір баяндамашы сөйлейді.  
1-
топ. Күнделікті өмірде майонезді қолдан жасауға бола ма? Қолдан жасау 
рецептісін  ұсыныңдар.  Зияны  мен  пайдасы,  сақталу  мерзімі  туралы 
ұмытпаңдар.  
30 


2-
топ. 
Жалпы  орта  білім  беру  мекемелерінің  асханаларында  майонезді 
қолдануға тыйым салынған. Неліктен?  
3-
топ. Майонез – майлылығы жоғары тағам.  

Майонездің  майлылығы  қандай  тағамдардың  майлылығынан  жоғары 
екенін анықтаңдар.  

Майлылығын  төмендету  жолдарын  ұсыныңдар  (мүмкін  болса  олардың 
пайдасы мен зияны туралы айта кетіңдер).  
Сонымен биология сабақтарындағы зерттеушілік жұмыстар оқушылардың 
зертханалық  және  практикалық  жұмыстарды  орындау  үдерісі  барысында 
жүзеге асырылуы мүмкін. Кей жұмыстарды балалар мұғалімнің басшылығымен 
сабақтан  тыс  уақытта  да  өткізе  алады,  нәтижесін  сабақта  айтып, 
көрсетуге болады.  
Әр адам туғанынан – зерттеуші, табиғаттан берілген бұл қасиетті дамыту 
және  қолдау  қажет.  сондықтан  да  химиялық  білімнің  практикалық  бағытын 
күнделікті  өмірде  қолдануға  болатын  қолданбалы  аспектісін  ескере  отырып 
жобалық  тапсармалары  бар  зерттеушілік  іс-әрекеттер  арқылы  жүзеге  асыруға 
болады.  Бұл  бағытта  ғылыми-жаратылыстану  пәндері  бойынша  білімдерін 
пайдалануға жағдай жасау қажет.  
Химия  –  жаратылыстану,  физика,  геометрия,  биология,  география, 
математика  пәндері  бойынша  білімді  кіріктіретін  эксперименттік  және 
зерттеушілік ғылым.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет