Қажетті концентрация Бастапқы концентрациясы 80% Бастапқы концентрациясы 70% 3%
5%
6%
35
Білім берудің заман талабына сай нәтижелері: ең алдымен оқу және
әлеуметтік дербестік; проблемаларды шешудегі, шешім қабылдаудағы
құзыреттілік; жауапкершілік және т.б. мектеп оқушыларының жобалық іс-
әрекеттері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан мұғалім әр сабақты
қайталанбайтын біртума шығарма ретінде дайындауы тиіс.
Физика әлемі шексіз. Бізді қоршаған ортада да, тіпті біздің ішімізде де әр
түрлі физикалық үдерістер жүріп жатады. Физика – материалдық әлемнің
заңдылықтарын зерттеудің қиын жолымен келе жатқан ғылым. Зерттеу
дегеніміз – ғылымға немесе тәжірибеге белгісіз нәрсені іздеу. Белгісізді іздеу
үшін проблема қою, оны шешудің жолдарын іздеу, жаңа білім іздеу. Кез келген
ғылыми проблеманың негізінде білу және білмеудің арасындағы қарама-
қайшылық болады. сол себепті оқушыларды зерттеушілік іс-әрекетіне
біртіндеп, ғылыми іздену жолдарының әр қадамын ойластыра отырып игеруге
дайындау қажет.
Тапсырма. Жылу өткізгіштіктің анықтамаларын оқыңдар, бұл
анықтамалардың қайсылары көзге көрінетінін және қайсылары ойдан
шығарылғанын көрсетіңдер. Бұл анықтамалардың бір-бірінен айырмашылығы
неде?
Материалдардың жылу өткізу қабілетін – жылу өткізгіштік дегейміз.
Жылу өткізу – материалдарды бір-бірінен бөліп тұратын беткі қабаттардың
арасындағы температура ауытқуының салдарынан болатын үдеріс.
Жылу өткізгіштік – бұл заттың жылу энергиясын тасымалдау қабілеті,
сонымен қатар осы қабілеттің сандық бағасы.
Жылу өткізгіштік – бұл молекулалардың жылулық қозғалысының
нәтижесінде материалдың бір бөлігінен екінші бөлігіне жылу беру қабілеті.
Материалдағы жылу беру кондукция (материал бөлшектерінің түйісуі
нәтижесінде), конвекция (ауаның немесе материал қуыстарындағы басқа да
газдың қозғалысы) немесе сәуле шығару арқылы жүзеге асырылады.
Тапсырма. Сапалық есептерді шығарыңдар.
1. Жазда үйдегі ауа әр түрлі жолдармен жылынады, мысалы: қабырға
арқылы, жылы ауа кіретін ашық тұрған терезе арқылы, терезенің шынысы
арқылы. Әр мысал жағдайында жылу берудің қандай түрімен кездесіп тұрмыз?
2. Неліктен жазды күні ағаштан салынған үйлерге қарағанда тастан
салынған үйлерде суығырақ?
3. Неліктен терезе әйнегінің төменгі жағында жоғары жағына қарағанда
бұрын қата (қыраулана) бастайды?
4. Үйлерді өңдеу барысында қабырғадағы тесіктерді борпылдақ құрылым
жасап қататын көбікпен толтырудың себебі неде?
Мысал. Төмендегі суретте көрсетілгендей, жолдың ортасына қысылған
серіппемен жабдықталған, бір-біріне тіркелеген екі арба қойыңдар. Содан соң
серіппе босайтындай етіп, сызғыштың көмегімен қатты соғыңдар. Бұндай
кенеттен берілген «жарылыс» соққының әсерінен арбалар ажырап кетеді [8].
Белгілі бір уақыт аралығында олардың өткен жолын өлшеу арқылы,
олардың
t s 1
1
=
υ
және
.
2
2
t s =
υ
өзара әрекеттесуі процесінде алған
36
жылдамдығын анықтаймыз. Бұдан соң эксперименттік қателік шегінде:
денелердің «жарылысқа» дейінгі импульсын = 0 + т 2 • 0 = 0;
денелердің «жарылыстан» кейінгі импульсын = т