дік бере алады. Мұндай бағам кезінде ОБ-тің валюталық
резервтері мен ақша базасы шамалары өзгермейді. Яғни, елде
төлем балансының оң сальдосын қалыптастырады. Құбылмалы
321
Валюта бағамының артуы салдарынан таза экспорт қысқа-
рады. IS қисығы солға жылжиды. Төлем балансының оң сальдо-
сы қаншалықты орын алса, соншалықты валюталық бағам арта
береді жəне таза экспорт қысқара береді, яғни ішкі пайыз деңге-
йі əлемдіктен жоғары болады. Тепе-теңдік бастапқы қалпына
қайтып келеді. Алайда бұл тепе-теңдік жоғары валюта бағамы
кезінде орын алады (13.12 ə-сурет).
13.12-сурет. Құбылмалы валюта бағамы кезіндегі бюджет-салық саясаты
Сонымен, құбылмалы валюта бағамы кезінде кіші ашық эко-
номикаға деген ынталандырушы бюджет-салық саясатының
нəтижесі тиімсіз болып қалады, өйткені мемлекеттік шығын-
дардың артуы салдарынан таза экспорт қысқарып, ұлттық табыс
өзгермей қалады.
Достарыңызбен бөлісу: