Академиялық саясат



Pdf көрінісі
бет33/45
Дата10.02.2022
өлшемі0,51 Mb.
#25130
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
Академиялық саясат

1.20. 

«

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

ҚАЗІРГІ 

ЗАМАНҒЫ 

ТАРИХЫ» 

ПӘНІ  

БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАНДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ 

 

1.20.1. 



Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ  бакалавриатының  барлық  академиялық 

бағдарламаларында  қазіргі Қазақстан тарихын оқып зерделеу міндетті болып табылады. 

Бакалавриаттың  барлық  мамандықтарының  білім  алушылары  бекітілген  академиялық 

күнтізбеге сәйкес аралық аттестаттау кезеңінде "Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы" пәні 

бойынша мемлекеттік емтихан тапсырады. 

1.20.2. 


Жоғары  білім  негізінде  жеделдетілген  оқу  мерзімімен  қысқартылған  білім 

беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер "Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы" пәні 

бойынша мемлекеттік емтиханды оқымайды және тапсырмайды. 

1.20.3. 


"Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханның 

жұмыс бағдарламасы осы пән бойынша Типтік оқу бағдарламасы негізінде әзірленеді және 

университеттің  Ғылыми  кеңесімен  бекітіледі.  Мемлекеттік  емтиханды  өткізу  нысанын 

факультеттің Ғылыми кеңесі анықтайды. 

1.20.4. 

"Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды 

қабылдау  үшін  құрамында  комиссия  төрағасы  мен  мүшелері  бар  күнтізбелік  жылға 

мемлекеттік емтихан комиссиясы (МЕК) құрылады. "Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы" 

пәні бойынша мемлекеттік емтиханды тапсыру нәтижелері оны тапсыру көзделген емтихан 

сессиясының қорытындысын шығару кезінде ескеріледі. 

1.20.5. 

Білім алушы "Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік 

емтихан бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған жағдайда, ол ақылы негізде осы 

пәнге жазылады, келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде оқу сабақтарының 

барлық түрлеріне қайта қатысады, ағымдағы бақылау талаптарын орындап, рұқсат алады 

және мемлекеттік емтихан тапсырады. 

1.20.6. 

Мемлекеттік  емтихан  бойынша  оң  бағаны  көтеру  мақсатында  қайта 

тапсыруға рұқсат етілмейді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет